Торғайда этно-реалити жобасының жеңімпаздары анықталды

Үш күнге созылған жоба ұлттық спорт, өнер және салт-дәстүрді дәріптеп, үздіктерді анықтады

Жангелдин ауданында «Жүрегімнің дүрсілі – Торғай» этно-реалити жобасы қорытындыланды. Үш күнге созылған шара барысында қатысушылар ұлттық спорттан бақ сынап, экологиялық акцияға қатысып, ұлттық тағам әзірлеу өнерін көрсетті. Жоба Жангелдин ауданының ішкі саясат бөлімі мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында ұйымдастырылған.

Ұлттық спорттан сынға түсті

Жобаның екінші күнінде қатысушылар «TAZA Qazaqstan» экологиялық акциясына қатысып, туған өлкенің тазалығына үлес қосты. Сонымен қатар бауырсақ пісіру, таяқ тарту, арқан тартыс және қазақ күресінен сайыстар өтті.

Қатысушылар командалық және жеке жарыстарда күш, ептілік пен төзімділігін сынады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараның негізгі мақсаты – жастарды ұлттық құндылықтарға жақындатып, салауатты өмір салтын насихаттау және белсенді жастарды бір ортаға біріктіру.

«Торғай» командасы бас жүлдені алды

Жобаның соңғы күні «Торғай әуендері» атты гала-концертпен түйінделді. Кеш барысында ұлттық өнер мен туған жерге деген сүйіспеншілік қатар дәріптелді.

Этно-реалити жобасының бас жүлдесі «Торғай» командасына бұйырды. Команда Тойшыбекова Арайлым Бейбітқызы атындағы арнайы жүлде және 100 мың теңге ақшалай сыйлықпен марапатталды.

І орын – «Торғай» командасы;
ІІ орын – «Ақшығанақ» командасы;
ІІІ орын – «Көкпар» командасы;
«Жеңіс» және «Пэмка» командалары арнайы жүлдеге ие болды. Әр командаға 20 мың теңгеден берілді.

Жеңімпаздарға марапаттарды Жангелдин ауданының әкімі Дінмұханбет Бидашев табыстады.

«Мерейлі отбасы» жүлдегерлері де марапатталды

Сол кеште «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының аудандық кезеңі де қорытындыланды.

Абдуллиндер отбасы (Шилі ауылы) мен Сабыржановтар отбасы (Ақшығанақ ауылы) жүлделі орындарға ие болып, облыстық кезеңге жолдама алды. Қабжановтар отбасы (Шеген ауылы) мен Сүйінғариндер отбасы (Көкалат ауылы) да үздіктер қатарынан көрінді.

Кештің концерттік бағдарламасында Тобыл-Торғай өңірінің өнерпаздары өнер көрсетті. «Еркеназ» үлгілі би ансамблі, Сүйінғариндер отбасы, «Аманат» тобы, Ислам Асқарбек, Асылхан Әділхан, Бекжан Есетов және басқа да таланттар көрерменге өнерін ұсынды.

Үш күндік этно-реалити жобасы «Айналайын, Торғайым!» әнімен қорытындыланды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Жүрегімнің дүрсілі – Торғай» жобасы жастардың туған жерге деген қызығушылығын арттырып, ұлттық дәстүр мен құндылықтарды насихаттауға бағытталған.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ,
Суреттерді түсірген – Мұрат Жүнісұлы

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Боровчанин Артем Харченко стал обладателем уникальной «шестерки» с 40 летним пробегом

Для Артема настоящий драйв заключается в запахе бензина, звуке карбюраторного двигателя и аутентичности советской классики.…

17 часов назад

Ұзынкөл ауданы Ершов аулында спорт дамуына жаңа екпін беретін спортзал ашылды

Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халықтың денсаулығын нығайтуда салауатты өмір салтын жүргізіп, спортпен шұғылдануының маңыздылы…

18 часов назад

Суд в Костанае встал на сторону журналиста Стаса Киселева

Дело об административном правонарушении в отношении него прекратили, сообщает "ТоболИнфо" (далее…)

18 часов назад

«Какую профессию выбрать?»: в Костанайском районе школьники встретились с представительницей культуры

В рамках проекта «Связь поколений» Райхан Арыстанова рассказала ученикам о своем профессиональном пути и важности…

19 часов назад

Арқалықтағы оңалту орталығы Жангелдин балаларына да қызмет көрсетеді

Арқалық өңірлік ауруханасында балаларға арналған «Қамқорлық» медициналық оңалту бөлімі ашылды. (далее…)

19 часов назад

Қамыстыда теміржолға 22 жылын арнаған маман

Қамысты ауданына қарасты Арқа ауылында теміржол саласында 22 жылдан астам еңбек етіп келе жатқан Жанат…

19 часов назад

This website uses cookies.