Әлім Бақытжан Әлімнің кәсіби жетістіктері жоғары бағалануда.
Маусым айының 23-і – ел тыныштығы мен заң үстемдігінің сақшылары, ішкі істер органдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Осынау айтулы күн қарсаңында мемлекетіміздің қауіпсіздігін күзетіп, әсіресе заман талабына сай ақпараттық технологиялар майданында үздік қызмет көрсетіп жүрген сақшылардың еңбегі ерекше атап өтілуде.
Осындай жауапты да абыройлы міндетті асқан жауапкершілікпен атқарып жүрген заманауи заңгерлердің бірі – Жангелдин ауданының Полиция бөлімінің ақпараттандыру және байланыс тобының аға инспекторы, полиция капитаны Бақытжан Әлім.
Бақытжан Нұрланұлы 1999 жылы 28 маусымда Жангелдин ауданының қасиетті Торғай ауылында дүниеге келген. Өзінің саналы ғұмырын туған өлкесінің өркендеуіне және заң үстемдігін орнатуға арнап келеді. Ол 2006-2016 жылдары Торғай ауылындағы ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектепте білім алды. А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің құқықтану факультетінде оқып, жоғары заңгерлік білім алды. Университет қабырғасында жүріп, оқу орнының әскери кафедрасында әскери дайындықтан өтті. Бұл шыңдалу кезеңі оның болашақта ішкі істер органдарында қызмет етуіне үлкен септігін тигізді.
Жас маман еңбек жолын дипломын алғаннан кейін бірден бастады. 2020 жылдың 10 қыркүйегінен бастап Жангелдин ауданының жер бөлімі мемлекеттік мекемесінде 4 ай мерзімге созылған «Жастар практикасы» бағдарламасы аясында еңбек етіп, алғашқы мемлекеттік қызмет тәжірибесін жинақтады.
Бүгінгі таңда Бақытжан Нұрланұлы Жангелдин ауданы Полиция бөлімінде ақпараттандыру және байланыс тобының аға инспекторы лауазымында мінсіз қызмет атқарып келеді. Ол заманауи технологиялар мен байланыс жүйелерін құқық қорғау саласында тиімді үйлестіре білген білікті маман ретінде әріптестері арасында зор беделге ие.
Бақытжанның отбасы – Торғай өңіріндегі үлгілі әрі зиялы әулеттердің бірі. Әкесі: Нұрлан Искаков Ішкі істер органдарының құрметті зейнеткері. Әке жолын қуған Бақытжан үшін бұл мамандық – үлкен мақтаныш әрі қастерлі жауапкершілік.
Анасы Зәуреш Батырғалиқызы Ақшығанақ ауылдық округінің бас есепшісі. Ал, жары Гүлдәурен Әуезхан Торғай ауылындағы Ы.Алтынсарин атындағы мектепте математика пәнінің мұғалімі және даярлық сыныбының тәрбиешісі. Аружан Нұрланқызы Аталған мектептің математика пәнінің мұғалімі. Болашақ ұрпақты тәрбиелеуге өздерінің сүбелі үлестерін қосуда.
Бүгінде бұл үлгілі әулет Торғай ауылындағы қара шаңырақта тату-тәтті, берекелі ғұмыр кешуде.
Полиция капитаны тек қызметте ғана емес, спортта да алдыңғы қатардан көрініп келеді. Ол мектепте оқып жүрген кезінен бастап спортты серік етіп, қазақ күресінен облыс чемпионы атанған.
Қазіргі таңда қазақ күресінен спорт шеберінен үміткер. Бақытжан Қостанай облысы бойынша полиция қызметкерлері арасында ұйымдастырылатын қазақ күресі жарыстарына тұрақты түрде қатысып, аудан намысын қорғап, чемпиондық тұғырдан көрініп жүр.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Суреттер Жангелдин ауданының Полиция бөлімінен алынды
Обладателями заслуженных наград стал ряд сотрудников организаций и предприятий района. (далее…)
Мемлекеттік қызметкерлер күніне орай ауданымызда салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. (далее…)
Проект предусматривает устройство брусчатого покрытия на дорожках и площадках города. (далее…)
Волонтеры ОФ «Жанашыр бол» совместно с полицейскими Костанайского района 23 июня встретились с тепловиками и…
Каждый год 23 июня в Казахстане отмечается День полиции. (далее…)
Адам жанының арашасы болып, денсаулық сақтау саласында аянбай еңбек етіп жүрген ақ халатты абзал жандарға…
This website uses cookies.