Жангелдин ауданы 2025 жылды әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша қорытындыланып, алдағы жылда атқаратын жұмыс жоспары бекітілді.
Бұл жөнінде аудан әкімінің экономика мәселесі бойынша орынбасары Гүлмира Ұзаққызы айтып берді. Оның айтуынша, биылғы аудан бюджеті 2 миллиард 157 миллион 638 мың теңге болып бекітілді.
«Биылғы жыл аудан үшін маңызды инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру жылы болды. Қосымша қаражат алу үшін облыстан сұраныстар ұсынып жатырмыз. Оң шешімін тапса, алдағы уақытта бірнеше әлеуметтік және жол жөндеу жұмыстары толықтай атқарылатын болады», – деді Гүлмира Ұзаққызы.
Аудан бойынша ауылдардың көшелерін шибонкалау жұмыстарына техникалық құжаттар дайындалып, сегіз елді мекендегі 24 көшеге орташа жөндеу жүргізу үшін 582 513,6 мың теңге көлемінде шығын қарастырылған. Ведомствалық тексерістен оң қорытынды алынған. Сонымен қатар, ауданаралық жолдарды орташа және ағымдағы жөндеуден өткізу үшін 2 349 009,2 мың теңге көлемінде техникалық құжаттар әзірленіп, ведомствалық тексерістен сәтті өтті.
Аудан инфрақұрылымын дамыту аясында Шеген-Ақшығанақ жолының 55 км және Ақшығанақтан Ақтөбенің шекарасына дейінгі 18 км жол республикалық есепке толықтай беріліп, 2026 жылдың 8 қаңтарынан бастап Қостанай облысының әкімдігінің №6 қаулысына сәйкес республикалық коммуналдық меншікке өтті.
Сонымен қатар, Қостанай облысының Арқалық қаласы, Амангелді және Жангелдин аудандарын әлеуметтік-экономикалық дамыту жөніндегі 2026-2028 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 13 қаңтардағы №13 қаулысы арқылы бекітілді.
Жоспар бойынша Торғай ауылында Ш. Уалиханов атындағы жалпы орта білім беретін мектепке спорт залы үшін жапсарлас құрылыс салу қарастырылған. Жоспарланған жобалық-сметалық құжатнама құны – 33 млн теңге, ал 2027 жылы 650 млн теңге қаражатқа құрылыс жұмыстары басталады.
Сонымен қатар, ауылдық жерлерде медициналық қызмет инфрақұрылымын дамытуға баса көңіл бөлініп отыр. Мәселен, Тәуіш ауылына ФАП салу, жобалық-сметалық құжатнамасы – 24 млн теңге, құрылыс 2025 жылы – 216 млн теңге. Ақшығанақ ауылында ФАП салынады. ЖСҚ – 24 млн теңге, құрылысына 216 млн теңге бөлінеді, 2027 жылы құрылыс жұмыстары аяқталады деп күтілуде. Ал, Көкалат ауылында ФАП салыну жоспарланған. Жобалық-сметалық құжатнамасы – 15 млн теңге, құрылысы 2028 жылы аяқтамақ. Құрылыс жұмыстарына 165 млн теңге бөлінеді.
Аудан төтенше жағдайлар инфрақұрылымын дамыту аясында Торғай ауылында өрт сөндіру депосы кешені салынады. Бұл жобаға 2027 жылы 560 млн теңге қаражат бөлінген.Гүлмира Ұзаққызының сөзіне қарағанда, алдағы жылдары ауданның әлеуметтік инфрақұрылымы әрі жол желісі, әрі медицина және қауіпсіздік салалары бойынша тұрақты дамитынына сенім мол.
«Бюджет және жоспарланған жобалар толық орындалса, тұрғындардың өмір сүру сапасы айтарлықтай жақсарады», – деді аудан әкімінің орынбасары.
Шұға АҢСАҒАН
В 2025 году в Рудном реализовали два инвестиционных проекта по сортировке и переработке отходов. (далее…)
Жангелдин ауданының Жаркөл ауылдық округіне қарасты Тәуіш ауылында жаңа спорт-сауықтыру кешені ашылды. (далее…)
Қазақстанда жыл сайын 10-қазанда кәсіподақтар күнін атап өтеді. (далее…)
Жангелдин ауданында елге сыйлы ардақты ана, «Торғай қызы» әніне арқау болған Күнжамила Есекейқызының 90 жылдық…
Бүгін Қостанайда өткен ұстаздар күніне арналған салтанатты іс-шарада Денисов ауданының педагогы Баян Достанова облыс әкімінің…
В районе стартовал отопительный сезон. (далее…)
This website uses cookies.