Торғайдағы Тентексайдағы 70 градустық шипалы судың сыры неде?

Жер астынан шыққан қайнар.

Ақкөл ауылынан 12 шақырым жерде орналасқан Тентексай мекені соңғы жылдары алыс-жақыннан ем іздеп келушілердің сүйікті орнына айналды. Мұнда жер астынан атқылап жатқан ыстық судың шипалық қасиеті талайды таңғалдырып отыр.

Бұл ерекше су көзі 1989 жылы геобарлау жұмыстары кезінде табылған. Сол тұста Башқұртстаннан келген геологтар бұрғылау жүргізіп, нәтижесінде жер астынан ыстық су тауып, құбыр орнатқан. Содан бері атқылаған су маңайына жайылып, бүгінде кішігірім шипалы көлшікке айналған.

Тентексай суының басты ерекшелігі, оның температурасында. Жыл бойы тоңбайтын судың орташа температурасы 56 градусты құрайды, ал жаздың аптап ыстығында ол тіпті 70 градусқа дейін көтеріледі. Ондай кезде суға шомылу мүмкін емес, тек қол-аяқты малып, қыздыруға болады.

«Зертханада тексергенде бұл судың құрамында йод, феррум (темір) және күкірт бар екені анықталған. Мұны тіпті арнайы тексеріссіз-ақ көруге болады — көлшік жиегі күкірт пен темір ұнтақтарына ұқсас қиыршықтарға толы. Астындағы қара батпақтың да емдік қасиеті жоғары», – дейді ауыл тұрғындары.

Мұнда әсіресе тері ауруларымен және буын дертімен ауыратындар жиі келеді. Тіпті емдік батпақты ыдыстарына құйып, үйлеріне алып кететіндер де аз емес. Жаз айларында отбасымен келіп, су басында түнеп, ем алатындардың қатары арта түседі.

Дертке дауа іздеп келетіндердің қарасы көп болғанымен, бұл аумақта әлі күнге дейін толыққанды инфрақұрылым толық жасалмаған. Дегенмен, бұл бағытта жұмыстар басталып та кеткен еді.

Ақкөл ауылының әкімі Балғабай Қалиевтің айтуынша, маңайдағы 1,5 гектар жерді 2022 жылы кәсіпкер Нұрман Ембергенов жалға алған.

«Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы қарсаңында мұнда арнайы кабиналар мен ванналар орнатылған болатын. Алайда 2024 жылғы су тасқыны инфрақұрылымды шайып кетті. Биыл бұл жұмыстар қайта қолға алынып жатыр. Халыққа сапалы қызмет көрсету үшін ванналар мен бассейн орнату қайта жоспарлануда. Мұның бәрі,  алдағы уақыттың еншісінде».

Иә, Тентексайдағы бұл шипалы су көзінің емдік қасиеті танымал болғандықтан, табиғи шипаны іздеп алыс өңірлерден келетін халықтың қарасы шынымен де өте көп. Егер инфрақұрылым толық жолға қойылса, Тентексай болашақта өңірдегі ең танымал туристік әрі сауықтыру орталықтарының біріне айналуы әбден мүмкін.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ

Суреттерді түсірген – автор

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

В Карасуском районе стартовало ОПМ «Подростковый контроль»

Данная комплексная межведомственная акция направлена на профилактику безнадзорности, правонарушений в подростковой среде и на защиту…

1 день назад

Аким Сарыкольского района встретился с юными робототехниками — обладателями международной награды

Аким Сарыкольского района Марат Шымырбеков встретился с юными робототехниками Ксенией Чиханцовой и Егором Костериным, которые…

2 дня назад

Стартовал «Караван правовой помощи» для жителей Костанайской области

Все желающие смогут посетить его в назначенное время для того, чтобы задать интересующие вопросы представителям…

2 дня назад

This website uses cookies.