Торғайда жаңа баспаналар бой көтеруде

Аймақ басшысы Құмар Ақсақалов Жангелдин ауданына жұмыс сапарымен барып, Торғайдағы тұрғын үй құрылысы, абаттандыру және инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асу барысымен танысты.

Торғай кентінде әлеуметтік тұрғыдан осал азаматтарға арналған жаңа баспаналар салынып жатыр. Қазір төрт жеке кәсіпкер 12 екіпәтерлі үйдің құрылысын жүргізуде. Әр пәтердің аумағы – 60 шаршы метр, ал үйлердің жалпы көлемі 1440 шаршы метрді құрайды. Оларды сатып алуға облыстық бюджеттен 432 миллион теңге бөлу туралы өтінім берілген.

default

– 2026 жылы әлеуметтік осал топтар үшін жаңадан салынатын 24 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр. Бүгінде тұрғын үй кезегінде әлеуметтік осал топтар санатындағы 35 адам тұр. Баспаналар «Отбасы банк» арқылы кезең-кезеңімен берілетін болады, – деді Жангелдин ауданының әкімі Дінмұханбет Бидашев.

Жалпы, ауданда соңғы үш жылда жалпы ауданы 5,4 мың шаршы метрден асатын 44 тұрғын үй пайдалануға беріліп, 59 пәтер тұрғындар игілігіне тапсырылған. Ал 2025 жылдан бастап жеке инвестиция есебінен 106 миллион теңгеге үш үй салынған.

Облыс көлемінде де тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді. Кейінгі 3,5 жылда шамамен 1,8 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 18,4 мың отбасының баспана жағдайы жақсарған. Биыл облыстың 17 қаласы мен ауданында 1218 пәтер сатып алу жоспарланған. Оның 634-і ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік тұрғыдан осал санатқа жататын кезекте тұрған азаматтарға берілмек. Бұл мақсатқа 24 миллиард теңгеден астам қаржы қарастырылған.

Облыс әкімі «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыстармен де танысты. Торғайдағы «Мерген» саябағының жалпы аумағы 4 мың шаршы метр. Оны абаттандыруға демеуші кәсіпкердің қаражаты есебінен 25 миллион теңге жұмсалған.

2024 жылы саябақта балалар ойын алаңы, беседка орнатылып, жарық жүргізілді. 2025 жылы 20 қарағай, 20 шырша және 210 қарағаш отырғызылды. Биыл тұрғындарға арналған көше тренажерлары қойылды.

Аудан бойынша «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы жұмыстарға 4872 адам қатысып, 1405 аула тазартылған. Жеті айда 2987 тонна қатты тұрмыстық қалдық шығарылды. Сонымен қатар 44 тарихи-мәдени ескерткіштің аумағында тазалық жұмыстары жүргізіліп, білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет нысандары қамтылды.

Көгалдандыру бағытында биыл жоспарланған 1600 көшеттің 1250-сі сәуір айында отырғызылды. Қалған көшеттерді күзде отырғызу жоспарланған. Көшеттер демеушілік қаражат есебінен алынған. Қазір олардың шығымдылығы 65-70 пайыз шамасында.

Саябақтар мен қоғамдық демалыс орындарында ағаш отырғызу, орындықтарды жөндеу және жарықтандыру құралдарын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Аудан бойынша айына екі рет сенбілік өткізу жолға қойылған. Бидайық ауылында демеушілер есебінен балалар ойын алаңының элементтері орнатылса, Торғай ауылында жаңа балалар ойын алаңы іске қосылды. Алдағы уақытта оның элементтерін толықтыру жоспарланып отыр.

Құмар Ақсақалов аудан әкімі Дінмұханбет Бидашевтің абаттандыру бағытындағы есебін тыңдап, елді мекендердің тазалығы мен көгалдандыру жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.

Жұмыс сапарының соңында облыс әкімі Жангелдин ауданының тұрғындарымен кездесті. Кездесуде ауыл халқы өздерін толғандырған мәселелерін айтып, бірқатар ұсыныстарын жеткізді. Тұрғындар көтерген мәселелер бойынша жауапты басқармаларға тиісті тапсырмалар берілді.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ,
Суреттерді түсірген – Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ

admin

Поделиться
Опубликовал
admin

Недавние новости

Не потерять свой ресурс: о чем говорила со школьниками Костанайского района поэтесса Александра Суслова

В рамках проекта «Связь поколений» педагог побывала в школе имени Ивана Павлова Гостью с нетерпением…

11 минут назад

Карасуский школьник предотвратил трагедию

Шестиклассник Саша Попов решительными действиями во время пожара помог избежать жертв. (далее…)

1 час назад

Не молчи: как школьников учили противостоять буллингу

В Карасу около 100 учащихся 9–11 классов приняли участие в семинарах по буллингу. В Караманской…

17 часов назад

Карасуские пожарные закрепили успех на промежуточной стадии состязаний

Завершился очередной этап областной спартакиады среди подразделений ДЧС Костанайской области. (далее…)

18 часов назад

В Камыстинском районе обмолочено 90% запланированных площадей

Сельхозтоваропроизводители Камыстинского района завершают уборочную кампанию. (далее…)

22 часа назад

Жангелдинде қаржылық алаяқтықтың бір дерегі тіркелді

Жангелдин ауданында жыл басынан бері қаржылық алаяқтық бойынша бір қылмыстық іс тіркелген. (далее…)

1 день назад

This website uses cookies.