Торғайдың «кішкентай Сұлтаны»

Әнұран ойнағанда қолын жүрегіне қоятын төрт жасар патриот

Ұлылар мекені – Жанкелдин ауданы, Торғай селосында ұлттық тәрбиенің озық үлгісін көрсетіп жүрген ерекше бүлдіршін өсіп келеді. Желіде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні қарсаңында Көк туды ұстап түскен төрт жасар бүлдіршіннің суреті қызу талқылануда. Әлеуметтік желі қолданушылары кішкентай патриоттың отаншылдық рухына сүйсініп, жылы лебіздерін жаудырып жатыр.

Суреттегі көптің сүйіктісіне айналған кейіпкер – Торғай селосындағы орталық «Балдырған» бөбекжай-бақшасының «Қызғалдақ» тобының тәрбиеленушісі Мұхаммед-Сұлтан Ерсұлтанұлы Нұрлан.

Ол небәрі 4 жаста болса да, балабақша табалдырығын бір жасынан бастап аттаған. Анасының айтуынша, Мұхаммед-Сұлтан өте зерек. Ол бір жарым жасында алғаш рет «Балабақша тәрбиеленушісі мен тәрбиешісі» атты үлкен байқауға қатысып, өзін жан-жақты көрсеткен.

Бүлдіршіннің есімінің қойылу тарихы да ерекше, тіпті мистикалық деуге болады.

«Ол кезде ішімдегі шарананың жынысы да белгісіз еді. Түсімде маған аппақ сұлба (ақ киімді адам) көрініп, қолыма сәби ұстатты және ақ қағазға жазылған хат берді. Хатта анық етіп «Мұхаммед-Сұлтан» деп жазылған екен. Сондай-ақ аянда бұл есімнің, әсіресе «Сұлтан» атауының осы әулеттің тегіне, қанына тән екені айтылды. Оянған соң бұл жайтты бірден жолдасыма айтып, есімді сақтап қойдық. Осылайша ұлымыз тумай жатып өз есімін өзі арқалап келді», – дейді кейіпкердің анасы Сымбат Кенжеғали.

Мұхаммед-Сұлтанның тәрбиешілері мен жақындары оның кішкентай болса да, мемлекеттік рәміздерге ерекше құрметпен қарайтынын айтады. Ол қазірдің өзінде Көк туымызды танып, оның еліміздің басты белгісі екенін жақсы түсінеді.

Ең қызығы, Әнұран шырқалған сәтте ересектер құсап оң қолын жүрегіне қойып, тік тұруды әдетке айналдырған.

Балабақша өкілдері бұл қасиеттің бала бойындағы табиғи патриотизм мен отбасындағы дұрыс тәрбиенің жемісі екенін алға тартады.
«Жаңа Қазақстанның нағыз болашағы»

Көпшілік желідегі бұл фотоны «Жаңа Қазақстанның нағыз болашағы» және «Жылдың ең патриоттық суреті» деп атап үлгерді.
4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні. Осыдан 34 жыл бұрын (1992 жылы) Тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілген болатын. Балабақша тәрбиешілерінің пікірінше, Мұхаммед-Сұлтан секілді бүлдіршіндердің ерте жастан отансүйгіштік қасиеттерді бойына сіңіріп өсуі – елдегі ұлттық тәрбие деңгейінің артып келе жатқанын көрсетеді.

Бөбекжай ұжымы кішкентай кейіпкердің болашақта елінің туын көкке желбірететін үлкен азамат болатынына сенімді.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ, суреттер кейіпкердің анасынан алынды

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Жангелдинде орақ науқаны қызу жүріп жатыр

Биыл мұнда сафлор алқабы 30 пайызға артты (далее…)

2 часа назад

В Боровском начали тестирование системы из 72 камер и пяти скоростемеров

Новые устройства разместили в наиболее оживленных и потенциально опасных участках районного центра, но на сегодняшний…

3 часа назад

Қамыстыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 384 абаттандыру кемшілігі жойылды

Қамысты ауданында «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында елді мекендерді абаттандыру және санитарлық жағдайды жақсарту бойынша…

4 часа назад

Науырзымда жаңа баспанаға жол ашылды

Тұрғын үй мәселесі – халықтың әл-ауқаты мен өмір сапасына тікелей әсер ететін маңызды бағыттардың бірі.…

5 часов назад

Жангелдин ауданында 2 мыңнан астам оқушы жаңа оқу жылын бастады

Жангелдин ауданында 1 қыркүйек – Білім күніне орай 19 білім беру ұйымында «Ыбырайдың қоңырауы –…

8 часов назад

This website uses cookies.