Торғайдың текті перзентінің құрметіне орай волейболдан жарыс өтті
Жақында аудан орталығында қоғам және мемлекет қайраткері Жақан Қоса-баевтың 85 жылдық мерейтойына және студент жастардың қысқы демалысын тиім-ді ұйымдастыру мақсатында волейболдан ерлер мен қыздар арасында аудан бірінші-лігі жоғары деңгейде өтті.
Екі күнге созылған жарыс 22-23 қаңтар күндері ұйымдас-тырылып, спорт сүйер қауымға тартысты ойындар мен жарқын сәттер сыйлады.
Аудан біріншілігінің басты мақсаты – жастарды салауатты өмір салтына баулу, спортқа деген қызығушылығын арттыру, сондай-ақ жас ұрпақтың бос уақытын мазмұнды әрі тиімді өткізуге жағдай жасау болды. Сонымен қатар бұл жарыс арқылы өңірде волей-бол спортын дамытуға және талантты спортшыларды анықтауға басымдық берілді.

Биылғы турнирге барлығы 15 ерлер командасы мен 5 қыздар командасы қатысып, ауданның әр түкпірінен жиналған спортшылар өзара мықтыны анықтады. Ойындар жоға-ры қарқынмен өтіп, командалар арасында шынайы бәсекелестік қалыптасты. Әрбір кезде-су жанкүйерлер үшін тартысқа толы болды.
Қыздар командалары арасындағы жарыс ерекше әсерге толы өтті. Нәтижесінде І орынды – Арқалық командасы, ІІ орынды – Ақшығанақ командасы, ІІІ орынды – Ы. Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебінің командасы жеңіп алды.
Қыздар арасындағы ойындарда спортшылардың техникалық дайындығы мен ұйымшылдығы, жеңіске деген жігері анық байқалды
Ал ерлер командалары арасында өткен бәсекеде І орын – Ы. Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебінің командасына, ІІ орын – Милісай ауылының командасына, ІІІ орын – Жаркөл ауылдық округінің командасына бұйырды.

Ерлер арасындағы матчтар аса жоғары қарқынмен өтіп, алаңдағы әрбір ұпай үшін қызу күрес жүрді. Жанкүйерлер командаларын барынша қолдап, спорт мерекесінің шыра-йын кіргізді.
Жарыс барысында спортшылар тек физикалық дайындықтарын ғана емес, өзара сыйластық пен әділ ойын қағидаттарын да көрсете білді. Бұл – турнирдің тәрбиелік мәнін арттырған маңызды факторлардың бірі.
Шара соңында жеңімпаз және жүлдегер командалар дипломдармен, кубоктармен және арнайы марапаттармен марапатталды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, Жақан Қосабаевтың мерейтойына арналған бұл жарыс – оның спорт пен жастар тәрбиесіне сіңірген еңбегіне көрсетілген құрметтің белгісі. Аудандық біріншілік жастардың спортқа деген ынтасын арттырып қана қоймай, олардың бір-бірімен тәжірибе алмасуына, достық қарым-қатынасты нығайтуға мүмкіндік берді. Осындай бұқаралық спорттық шаралар өңірде тұрақты түрде ұйымдастырылып отырса, болашақта аудан спортының дамуына зор серпін беретіні анық.
Шұғыла ЖАҚСЫЛЫҚ
Суреттерді аудандық спорт бөлімі ұсынды
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31