Жангелдин ауданының Қызбел ауылдық округінің орталығы Саға ауылында «Ауыл және мәдениет» жобасы аясында белгілі жазушы, этнограф, қазақ сатирасының сардары Сейіт Кенжеахметұлына арналған «Дәстүр мен даналықтың дара тұлғасы» атты тағылымды кеш өткізілді.
Кешке қаламгердің перзенттері — Светлана Сейітқызы, Зәмзәгүл Сейітқызы, Зейін Сейітұлы, сондай-ақ ғылым, өнер, мәдениет пен тарих саласының көрнекті өкілдері қатысты.
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университетінің проректоры, тарих ғылымдарының PhD докторы Аслан Еділханұлы, университет деканы Гүлбаршын Спанқызы, Арқалық қаласындағы «Дала өлкесі тарихы» облыстық музейінің директоры Рауан Абдоллажанұлы, айтыскер ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Батырлан Жұмабайұлы, аудан басшылығы мен ардагерлер кеңесінің өкілдері, кештің құрметті қонақтары қатарынан болды.
Жангелдин аудандық Нұрхан Ахметбеков атындағы мәдениет үйі жанынан құрылған «Мірдің оғы» әзіл-сықақ театры қаламгердің шығармашылығын сахналық қойылымдар арқылы көрсету арқылы кештің көркін аша түсті. Сонымен қатар, Арқалық қаласындағы «Дала өлкесі тарихы» облыстық музейінің қорынан жазушының жеке заттары көшпелі көрме ретінде халық назарына ұсынылды.
«Көрмеде Сейіт ағамыздың өзі тұтынған жеке заттары – кездігі, қағаз кесетін пышағы, радио қабылдағышы, нақышты оюланған кесесі, ақ қалпағы сияқты жәдігерлер қойылды. Сондай-ақ жазушылар одағының, «Қазақ тілі» қоғамының, «Ара» журналының тілшілік куәліктері де бар. Сейіт Кенжеахметұлы тек сатирик жазушы және этнограф ғалым ғана емес, сонымен қатар айтыскер, суырып салма ақын болған. Оның 1967 жылы Қостанай қаласының атынан айтысқа шығып, Рудный қаласының ақыны Назиқа Ерғалиевамен сөз сайысына түскен кездегі айтысы облыстық газет бетінде жарияланған. Жазушының өзі ұстаған домбырасы да көрмеге қойылды. Бұл домбыра жыл сайын ұлттық домбыра күнінде ұйымдастырылатын көрмелерде тұрақты түрде көрсетіліп келеді. Аталған кештің жазушының кіндік қаны тамған жерде өтуі оның маңызын арттырды», -деді музейдің директорының орынбасары Батырлан Сағынтаев.
«Елге келіп қуанып жатырмыз. Әкеміздің артында ұлы мұра қалды. Ол өмір бойы елім, қазақ тілі үшін жан аямай еңбек етті. Біз мақтанамыз. Уақыт тез өтіп, әкеміздің өмірден өткеніне де он бес жылдай уақыт өтті. Өзінің туған жерінде, Қоңыраулы өзенінің жағасында ұйымдастырылған кеш ерекше мазмұнды болды. Әкеміз туған жерін әрқашан сағынышпен еске алатын. Қуаныштымыз, ауылдан өнерлі жастардың шығып, халық рухани азық алып қалуына куә болдық» – деді қаламгердің қызы Светлана Сейітқызы.
Іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне ұйымдастырушылардың еңбегі зор болды. Қызбел ауылдық округі әкімдігінің бас маманы Әйгерім Жұмагелдіқызы кештің барлық кезеңін үйлестіріп, ұйымдастырушылық жұмыстарды сәтті басқарды. Нұрхан Ахметбеков атындағы мәдениет үйінің директоры, «Мірдің оғы» әзіл-сықақ театрының жетекшісі Шыңғыс Рақымжанұлы сахналық қойылымдардың мазмұнды және шығармашылық деңгейінің жоғары болуына тікелей үлес қосты.
«Ауыл және мәдениет» жобасы аясында біз жергілікті ақын-жазушыларымыздың және тарихымыздың мұрасын дәріптеп, кейінгі ұрпаққа жеткізуді басты мақсат еттік. Шығармаларын ел арасында кеңінен насихаттау арқылы атадан балаға жалғасқан мұраны қалдыруымыз керек. Ауданымызда «Мірдің оғы» ойын-сауық отауы құрылып жатыр. Өткен жылы бұл театр республикалық байқаудың жеңімпазы атанды. Сейіт Кенжеахметұлына арналған кеште театр шығармашылығының туындылары сахналанды, бұл – жастарға рухани азық» – деді Жангелдин аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жанар Асанханқызы.
Кеш соңында аудан әкімінің орынбасары Еренбол Қайырбекұлы мен аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жанар Асанқанқызы жас өнерпаздарға марапаттарды табыстап, мәдениет саласында ұзақ жыл еңбек еткен Айжамал Сабыржанқызыға құрмет көрсетті.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Суреттерді Жангелдин аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ұсынды
Главный имам Костанайской области Бектурсын Хаджи Уалиев совершил специальный визит и встретился с местным населением,…
Его посвятили памяти ветерана спорта Бориса Лискова (далее…)
Өткен жылы Жангелдин ауданында инвестиция салумен 5 жаңа кәсіпкерлік нысаны іске қосылды, инвестиция көлемі -…
«Наш Костанай» запускает новую рубрику «Идем в гости». В ней мы расскажем, как складываются судьбы…
Қазіргі таңда Жанкелдин ауданы бойынша қызылша ауруы тіркелген жоқ. (далее…)
Туристическая отрасль Костанайской области продолжает активно развиваться. (далее…)
This website uses cookies.