Торғайлық педагог республикалық олимпиадада топ жарды

Білім мен біліктің сынға түскен алаңында торғайлық жас ұстаз Сымбат Кенжеғали жарқын жетістігімен көзге түсті.

Республикалық «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» педагогикалық олимпиадасында кәсіби шеберлігі мен ізденісін дәлелдеген ол жүлделі ІІ орынды иеленіп, Қостанай облысының абыройын асқақтатты. Бұл додада еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған үздік жас педагогтар өзара бақ сынаған болатын.

Сымбат Кенжеғалиқызы 1998 жылы 20 желтоқсанда Арқалық қаласында дүниеге келген. Алғашқы білімін Ақкөл ауылындағы А.Қоңқабаев атындағы мектептен бастап, кейін Арқалық қаласында оқып, жоғары сыныпты Жарқайың ауданына қарасты Костычево ауылында аяқтады. Мектеп қабырғасында жүрген кезінен-ақ педагогикалық оқуларға қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтында қазақ тілі мен әдебиеті мамандығын тәмамдағаннан кейін еңбек жолын Жангелдин аудандық тілдерді оқыту орталығында әдіскер ретінде бастаған. Кейін сол орталықта оқытушы болып қызмет атқарды. 2023 жылдан бері Ш. Уәлиханов атындағы Торғай жалпы білім беретін мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып еңбек етуде.

«Ұстаздық жол – ауыр жол. Бірақ жүрек қалауыңмен таңдасаң, осы жолда биік нәтижеге жетуге болады. Мен үшін ұстаздық – тек білім беру емес, шәкірттеріме бағыт-бағдар беру, олардың бойына ұлттық құндылықтар мен терең ойды дарыту. Әлем ойшылдары білім мен ұстаздың құндылығын ерекше бағалаған. Түркі әлемінің ұлы ғұламасы Жүсіп Баласағұни: „Адам бойындағы ең тамаша нәрсе – білім мен ақыл“ деп бекер айтпаған. Мен үшін бұл сөз – ұстаздық ұстанымымның негізі. Білім мен ақыл – адамды биікке жетелейтін қос қанат, ал сол қанатты шәкірттеріме дарыту – менің басты миссиям. Жас болсам да, кәсіби шеберлігімді, шығармашылығымды және шәкірттерімнің жетістігін өмірлік бағдар ретінде қабылдаймын», – дейді жас маман.

Ұстаз еңбегінің ең үлкен көрсеткіші – шәкірт жетістігі. Бұл тұрғыда Сымбат Кенжеғалиқызының еңбегі ерекше атап өтуге тұрарлық. Оның бағыт-бағдарының арқасында шәкірттері талай биікті бағындырып, білім додаларында жоғары нәтижелерге қол жеткізуде. Атап айтқанда, шәкірті Ниязбек Таңжарық республикалық «Ақберен» байқауының облыстық кезеңінде жеңімпаз атанып, республикалық кезеңінде жүлделі 2-орынды иеленді. Сонымен қатар, «Жыр алыбы – Жамбыл» республикалық ақындар айтысының республикалық кезеңінде «Оспанхан Әубәкіров» атындағы арнайы жүлдені жеңіп алды. Тағы бір шәкірті Серікбол Мадина жалпы пәндер олимпиадасының облыстық кезеңінде 3-орын иеленіп, «Ақберен» байқауының облыстық кезеңінде 2-орын алды. Сонымен қатар, «Ілияс оқулары» байқауының «Буктрейлер» номинациясы бойынша аудандық кезеңде жеңімпаз атанып, облыстық кезеңге жолдама алды. Бұл – шәкірттің шығармашылық қабілетінің жоғары деңгейде дамығанының дәлелі.

Ибраев Данияр да ұстаз үмітін ақтаған шәкірттердің бірі. Ол «Ілияс оқулары» байқауының «Ілияс – қарасөз шебері» номинациясы бойынша аудандық кезеңде жеңімпаз атанып, облыстық кезеңге жолдама алды. Ал Қонарбай Асланбек облыстық «Мағжан оқулары» байқауында жүлделі 2-орынды иеленді. Бұл жетістіктер – ұстаздың жүйелі еңбегі мен кәсіби шеберлігінің нәтижесі.

Ұстаз еңбегі тек шәкірт жетістігімен ғана емес, өзінің кәсіби деңгейімен де бағаланады. Сымбат Кенжеғалиқызы өз білімін үнемі жетілдіріп, түрлі байқаулар мен кәсіби сайыстарға қатысып жүрген ізденімпаз ұстаз. 2023 жылы ол А.Байтұрсынұлы атындағы облыстық «Үздік оқытушы» байқауына қатысып, жүлделі 2-орынды иеленді. Сол жылы аудан әкімінің «Жыл үздіктері» салтанатты жиынында «Жыл оқытушысы» номинациясының иегері атанды. Сонымен қатар, облыстық «Дарынды балаға – талантты ұстаз – 2025» байқауының жеңімпазы атанды. 2025 жылы республикалық «Олимп шыңы» олимпиадасының қатысушысы болды. Бұл – оның кәсіби дамуға деген ұмтылысының айқын көрінісі.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Суреттер кейіпкерден алынды

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Движение – это жизнь: в Аманкарагайской школе прошел Фестиваль здоровья

Спорт, хорошее настроение и полезные привычки объединили школьников (далее…)

1 час назад

В Боровском обновили 29 дорожных знаков, пришедших в негодность

Хорошие новости для автомобилистов: процесс обновления дорожной инфраструктуры в районном центре уже перешел из стадии…

3 часа назад

Жители улицы Лесхоз в Боровском недовольны результатом «реконструкции» дороги

Асфальта на этой улице не было никогда, но ситуацию усугубили работы по прокладке водопровода, проведенные…

19 часов назад

Жангелдин ауданында жастарға жұмыс пен бизнес бастауға мүмкіндік жасалып жатыр

Жангелдин ауданында жастарды жұмыспен қамту және кәсіп бастауына қолдау көрсету жұмыстары жүргізіліп жатыр. Биыл ауданда…

20 часов назад

Қамыстыда «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 22 жоба жүзеге асырылмақ

Жайылма жерінде ауыл экономикасын дамытуға бағытталған «Ауыл аманаты» бағдарламасы жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Бағдарлама ауыл…

21 час назад

О безопасности школ и защите детей от аферистов поговорили в Денисовском районе

Встречу с директорами учебных заведений провели представители аппарата акима, полиции и отдела образования (далее…)

22 часа назад

This website uses cookies.