Тума талант иесі Торғайлықтарға алғыс айтып, ризашылығын жеткізді

Қостанай өңірінің намысын қорғағаған жас әнші, жерлесіміз Ұлпан Жұмабек «X Factor Kazakhstan» жобасына қатысып, көрермендерден көп дауыс жинап, жеңімпаз атанды.

Ұлпан Қанатқызы Әулиекөл ауданы, Қазанбасы станциясының тумасы болғанымен ата – анасы киелі Торғай жерінің тумасы. Жерлесіміздің өнеріне тәнті болған торғайлықтар жобасы барысында қолдау көрсетіп, өз таңдауларын жасады. Жалпы, Қостанай өңірінің барлық халқы Ұлпанды қолдап, өнеріне тәнті болды. Табиғи дауыс, тума талант иесі Торғай халқына шын жүреткен алғысын білдірді.

«Менің әнші болуым марқұм әкемнің арманы еді. Үнемі: «Сені үлкен сахнада көргім келеді, неге байқауларға бармайсың?» деп айтып отыратын. Неге екенін білмеймін, мектеп бітіргесін басқа жолды таңдадым. Биологияны негізгі пән «ретіrepostandroid» мамандығын таңдап, малдәрігерлік факультетінде оқыдым. Мал шаруашылығы өнімдерін өндірудің технологиясы мамандығымен Қостанайдағы ұлттық сараптама орталығына жұмысқа кірдім. Биология-химия мамандығы бойынша да екінші дипломымды алдым. Университетте оқып жүргенімде арасында өлең айтқаным болмаса, өнерден алыстап кеткен едім. Осы байқау өнерге деген екінші тынысымды ашты және байқауда көп дауыс жинауыма Торғайлықтардың көп септігі тиді. Шын жүреткен алғысымды білдіремін», –дейді «X Factor Kazakhstan» жобасының жеңімпазы.

Ұлпан Қанатқызының тәлімгері Ділназ Ахмадиева шәкіртінің өнерге деген құштарлығына сүйсінгені соншалық, киелі сахнаға кең тынысты әндерді алып шығуға кеңес берді.

«X Factor Kazakhstan» жобасының ақтық сайысында «Құсни Қорланды» жеке дауыста, қазақ батыры жайлы әнді Нұргүл Нұғымановамен бірге шырқап,  35,34 пайызын дауыс жинады. Нәтижесінде, қазылар алқасы Ұлпанның өнерін үздік деп бағалады.

Байбатыр АХМЕТБЕКОВ

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

 «Өнеріміз саған, Қазақстан!» Торғай төрінде

Жанкелдин ауданында XXXVIII «Өнеріміз саған, Қазақстан!» облыстық көркемөнерпаздар байқау-фестивалі жоғары деңгейде өтті. (далее…)

2 дня назад

Под единым шаныраком: День единства народа Казахстана отмечают в Аулиекольском районе

В честь знаменательного события в райцентре состоялись народные массовые гулянья. (далее…)

2 дня назад

В Рудном отметили 30 лет «Рудный дауысы»

В Рудном состоялась торжественная встреча, посвященная 30-летию телерадиокомпании «Рудный дауысы», сообщает  Rýdnyі medіa (далее…)

3 дня назад

Қамыстыда қазаққа келін болған Каролина

Салт-дәстүрді серік еткен берекелі отбасы. (далее…)

3 дня назад

Еще 4 села в Костанайской области отказались от алкоголя

В регионе проводятся разъяснительные работы о вреде спиртных напитков. (далее…)

3 дня назад

Торғайда қазақы салтты ұстанған Светлана

Қарғалы ауылындағы бірлік пен татулықтың жарқын үлгісі. (далее…)

3 дня назад

This website uses cookies.