Университетке академиктің есімі берілді

Өмірзақ Сұлтанғазин — еліміздің мақтанышы

Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде жұртшылықты елең еткізген оқиға орын алды. Өйткені, осы жоғары оқу орнының студенттері мен шаһардағы зиялы қауым өкілдері осыдан екі жыл бұрын білімнің қара шаңырағы атанған  университетке қазақтың  ұлы ғалымы Өмірзақ Сұлтанғазиннің есімін беру жөнінде ұсыныс жасаған болатын.

Жақында білім ордасына Астанадан қуанышты хабар жетті. Қазақстан Республикасы Үкіметінің үстіміздегі жылғы 16 қарашадағы №754 қаулысымен жоғары оқу орнына ұлтымызды әлемге танытқан көрнекті тұлға, аса дарынды ғалым Өмірзақ Сұлтанғазиннің аты берілді.

Мұны естіген барша қауым ерекше шаттыққа бөленді. Себебі, есімі  білім ордасына берілген бір туар жан Қостанай облысының тумасы. Кезінде қазіргі әл-Фараби атындағы ұлттық университетіміздің математика факультетін үздік бітірген.

Өзінің алғырлығының арқасында үлкен ғалым дәрежесіне көтерілді. Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының президенті лауазымына тағайындалды.

-Біздің көптен күткен арманымыз орындалды. Ең бастысы, Өмірзақ Махмұтұлы даңқты жерлесіміз, қазақтың абыройын асқақтатқан азамат. Әлем таныған қайраткер. Оған қандай құрмет көрсетсек те жарасады.

 

Онымен біз әрқшан да мақтанамыз,-дейді тарих ғылымдарының докторы, профессор, елімізге танымал көрнекті ғалым Аманжол Күзембайұлы.

Оразалы Жақсанов


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31