Ветеринариялық автокөліктер табыс етілді

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов өңірдегі ветеринариялық ұйымдарға автокөлік табыстау рәсіміне қатысты.

Қостанай қаласында өткен іс-шара тиісті мекемелерге облыстық бюджет есебінен арнайы жабдықталған Пикап көлігі берілді. Арқалық қаласының ветеринариялық станциясы да жаңа қызметтік автокөлік кілтін алды.


Қазіргі таңда облыстың ветеринариялық ұйымдарын орталықтандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Аудан-қалалардағы ветеринариялық станциялары тек өздеріне тән функцияларды ғана атқаратын болады.

-Ауылдардағы ветеринариялық қызмет көрсететін мал дәрігерлерінің жұмыс жағдайын және ветеринариялық станциялардың материалдық-техникалық базасын жақсартуға көңіл бөлінуде. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады,- деп облыс әкімі Құмар Ақсақалов ветеринария саласындағы өзекті мәселелерді шешу бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды тұрақты түрде бақылауда ұстайтындығын атап өтті.
Арқалық қалалық ветеринария станса басшысы Қайрат Қайнулдин Арқалық қаласына қарасты ауылдардың 150-180 шақырым қашықтықта екенін ескере отырып, үлкен қолдау болғанын айтады.


-Осыдан он бір жыл бұрын жаңа көлікке ие болған болатынбыз. Енді міне, араға он шақты жыл салып, тағы да жаңа ватокөлікке ие болған жайымыз бар. Ауылдардағы ветеринариялық қызмет көрсететін мал дәрігерлерінің жұмыс жағдайын және ветеринариялық станциялардың материалдық-техникалық базасын жақсартуға көңіл бөлінуде Шалғай ауылдарда мал аурын төмендетуге септігін тигізбек, – дейді Қайрат Қайнулдин.
Қалалық станса басшысы мұндай шаралар ветеринария саласының жұмысын жандандыруға оң ықпал ететінін атап өтті.

Сондай-ақ, аймақ басшысы табысталған жаңа қызметтік көліктер кәсіпорындардың өздеріне жүктелген кәсіби міндеттерін орындауды біршама жеңілдететіне сенім білдірді.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ, фото Багдад АХМЕТБЕКОВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31