Восток ауылында шіріген ағаш үйге құлады

Өткен жексенбі күні 112 пультіне Восток ауылында тұратын жалғыз басты зейнеткерден хабарлама келіп түсті

Ол өз үйінің шатырына ауласындағы ескі ағаштың құлап түскенін айтып, көмек сұраған. Оқиға орнына жеткен №24 өрт сөндіру бөлімі мен төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері қауіпті жою бойынша авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізді. Сынып кеткен шіріген ағаштың үлкен бұтағы үйдің төбесіндегі бірнеше шиферді сындырған.

– Мені мұндай жайсыз жағдайға тап болады деп кім ойлаған. Шіріген ағаш үйімнің төбесіне сұлап түсті. Келеңсіз көріністі көргенде не істерімді білмей, абдырап қалдым. Абырой болғанда, №24 өрт сөндіру бөлімі мен төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері дер кезінде көмек көрсетті. Оларға айтар алғысым шексіз, – дейді зейнеткер.

Жаңабай АХМЕТОВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31