Сарыкөл ауданының полиция бөлімінде пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтармен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.
Сарыкөл ауданының полиция бөлімінде пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтармен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. Іс-шара барысында қатысушыларға құқықтық және психологиялық қолдау көрсетіліп, жеке консультациялар ұйымдастырылды, практикалық көмек беріліп, спорттық бағдарлама өткізілді.
Кездесудің құқықтық бөлімін «Жанашыр бол» қоғамдық қорының заңгері Жасгүл Тогжанова жүргізді. Ол қатысушыларға Қазақстан Республикасы Конституциясының маңызы, елімізде жүзеге асырылып жатқан реформалар және Ұлттық құрылтайдың мемлекетіміздің қоғамдық-саяси өміріндегі рөлі туралы жан-жақты айтып берді.
Сондай-ақ жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау, отбасылық міндеттерді орындау, заңда белгіленген талаптарды сақтау және құқық бұзушылықтың қайталануына жол бермеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
-Өткенде жіберілген қателік адамның өмірін анықтамайды. Ең бастысы өз құқықтарыңды білу, міндеттеріңді адал орындау және оң өзгерістерді нақты істермен дәлелдеу, – деді Жасгүл Тогжанова.
Іс-шара барысында жеке қабылдаулар да ұйымдастырылды. Қатысушылар заңгер мен психологқа өз мәселелері бойынша жүгініп, қажетті кеңестер алды. Құжаттарды рәсімдеу, мемлекеттік қызметтерді алу, жұмысқа орналасу, отбасылық қарым-қатынастар және міндеттемелерді орындау мәселелері қарастырылды.
Сонымен қатар қатысушыларға электрондық цифрлық қолтаңба кілтін рәсімдеуге практикалық көмек көрсетілді. ЭЦҚ арқылы азаматтар үйден шықпай-ақ мемлекеттік қызметтерді алып, өтініш беріп, анықтамаларға тапсырыс жасап, электрондық сервистерді пайдалана алады.
«Жанашыр бол» қоғамдық қорының психологі Дарья Шарафилова «Мен қателестім. Бұл менің жаман адам екенімді білдіре ме?» тақырыбында психологиялық тренинг өткізді.
Тренинг барысында қатысушылар адамның жеке тұлғасы мен оның жасаған әрекетінің айырмашылығын талқылап, эмоцияларын бақылауды, кінә сезімін жеңуді және өмірдегі қиын жағдайлардан заңды жолмен шығу тәсілдерін үйренді.
-Өткенді өзгерту мүмкін емес. Алайда одан дұрыс қорытынды шығарып, өз мінез-құлқыңды қайта қарап, бұрынғы қателіктердің қайталануына жол бермеуге болады,- деп атап өтті Дарья Шарафилова.
Кездесу соңында үстел теннисі мен жатып кеудеден штанга көтеру бойынша спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Қатысушылар күш-жігерін, ептілігін, төзімділігін және жеңіске деген ұмтылысын көрсетті. Жарыстар достық жағдайда өтіп, әрбір қатысушыға естелік сыйлық табысталды.
Өткізілген кездесу қайта әлеуметтенудің құқықтық сауаттылықтан, психологиялық тұрақтылықтан, пайдалы еңбекпен қамтылудан және жеке жауапкершіліктен басталатынын тағы бір мәрте көрсетті. Әр адам өз қателіктерінен сабақ алып, мінез-құлқын өзгертіп, өмірінің жаңа кезеңін бастауға мүмкіндік алады.
Материал «Сарыкөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің тапсырысы бойынша жүзеге асырылып жатқан «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарды, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды қайта әлеуметтендіру және оңалту жұмыстарын ұйымдастыру» жобасы аясында дайындалды.
Томирис АЙТЕН,
суретті түсірген автор
На огнезащитную обработку деревянных конструкций кровли в 20 учебных заведениях района выделено 2 млн тенге.…
Өлеңді ауылының тұрғыны Ерболат Бияхметов атадан қалған қамшы өру өнерін қайта жаңғыртып, ұлттық қолөнерді дәріптеп…
Денсаулық – қоғамның ең қымбат байлығы. (далее…)
Білім ошақтарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға 88 миллионға жуық қаражат бағытталды. (далее…)
Очередная встреча волонтеров ОФ «Жанашыр бол» прошла в селе Жуковка. (далее…)
This website uses cookies.