Арқалық қаласында жұмыс сапарымен жүрген Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов белгіленген қуаты 48 МВт жел электр станциясына барды.
Жобаның құны 24,3 млрд теңге. Қазіргі уақытта биіктігі 110 метр болатын 10 жел электр станция орнатылып, 3 әкімшілік-тұрмыстық ғимарат салынды. Нәтижесінде 22 тұрақты жұмыс орны құрылып отыр.
«Жоба 2023 жылдың сәуірінен желтоқсанына дейінгі қысқа мерзімде жүзеге асырылды. Арқалық қаласын, Амангелді және Жангелдин аудандарын электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін 13 МВт жеткілікті. Қалған ресурстар инвестициялық жобаларды тартуға қызмет етеді. Сонымен қатар, 2025 жылы қуаттылығы 50 МВт жел электр станциясын салу жобасын іске асыру жоспарлануда. Сондай-ақ, биыл қуаты 40 МВт газ поршенді электр станциясының және облыстағы қуаты 22 МВт бірінші күн электр станциясының құрылысын аяқтау жоспарлануда», – деді Қ.Ақсақалов.
Аймақ басшысы облыстың өз электр энергиясын өндіруді 110 МВт-қа немесе 32,0%-ға ұлғайтуға мүмкіндік беретінін жеткізді.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ, Суретті түсірген Бердіболат Көркембаев
Акушеры-гинекологи Иван Абрамович и Татьяна Федоровна Янцен известны многим в Костанае. Попасть в их семейное…
Руководители региональных колледжей обсудили новую модель патриотического воспитания и современные подходы к подготовке специалистов. (далее…)
Азат Байманов, проработав 17 лет учителем физической культуры и спорта, принял решение кардинально сменить сферу…
Их предоставят очередникам. (далее…)
Поездка стала логическим завершением трудового ритма уходящего года, который был насыщенным для трудовых коллективов региона,…
Учитель русского языка и литературы из Житикаринского района Ирина Афанасьева занимает первую строчку рейтинга республиканского…
This website uses cookies.