Жанкелдин ауданында мектеп бітіруші түлектер аттестат тапсырылды

Қимастық сәттін бір кезеңі

Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебінің 9 сынып оқушылары қолдарына негізгі орта білім аттестаттарын алды. Салтанатты жиында мектеп директоры Айгүл Марқабайқызы жылы лебізін арнап, оқушыларға сәттілік тіледі. Ата-аналар ұстаздар қауымына шексіз ризашылықтарын білдірді.


Биылғы оқу жылын сәтті аяқтаған оқушылар қызыл кілемнен өтіп, мектеп директорынан аттестаттарын алып, ерекше сезімде болды. Кей бір оқушылар енді колледжге қадам басатындықтан келер оқу жылында толық жиналмайтынын айтып, көздеріне жас алды. Негізгі орта білім аттестаты екі сынып бойынша 48 оқушыға берілді. Оның ішінде 5 оқушы үздік аяқтап, қызыл куәлікке ие болды. Аталмыш оқу ордасынан биыл 30 түлек қанат қақты. 8 оқушы жылды үздік тәмамдаған. Енді олар жоғарғы оқу орнына тапсырып, үлкен маман иелері атанбақ. Алдымен Ұлттық біріңғай тест тапсырады. Айта кету керек елдегі төтенше жағдайға байланысты, 6 облыста ҰБТ-тапсыруға жеңілдік жасалды. Былтырғы жылы ҰБТ шарты бойынша 2 ақылы, 2 ақысыз тест тапсырылатын. Биылғы жылы 5 рет тапсыруға мүмкіндік берілген. Оның ішінде төртеуін тегін тапсыратын болады. Төрт мүмкіндіктен төмен бал жинаған жағдайда тамыз айында ақылы тапсыруға бір мүмкіндік бар. Оқушылар күні кеше төртінші мүмкіндіктерін пайдаланып, тест тапсыруға кетті. Осы уақытқа дейінгі нәтижелері жаман емес. Аталмыш мектеп биыл білім сапасын бақылаудан сүрінбей өтті. Нәтижесінде республикалық үздік 10 мектептің қатарына қосылды. Мектептің атап өтер жетістіктері өте көп.

«Биыл қара шаңырақ мектебіміздің құрылғанына 160 жыл. Биылғы оқу жылында оқушылар мен ұстаздардың жетістіктері өте көп. Оқушылар облыстық олимпиадалардан бірінші орын иеленіп, республикалық кезеңдерге қатысып, бақ сынады. Ұстаздарымен бірге түрлі республикалық ғылыми жобаларға қатысып, арнайы сертификаттарға ие болды. Одан бөлек мектебіміздің ағылшын пәнінің ұстаздары Ақбота Әмірхан мен Ақтоқты Ғалымқұлова ТКТ халықаралдық олипиадаға қатысып, сәтті тапсырды. Бұл ауданда бұрын соңды болмаған жетістік болғандықтан, ерекше атап өтуді жөн санадым. Жыл санап жоғарғы сыныптардан үздік оқушар саны артып келеді. Олардың жеткен жетістіктері мектептің білім сапасын көрсетеді. Сол үшінде әр жетістікке жетіп жүрген оқушылармен біз мақтанамыз»,-дейді мектеп директоры.

Алдағы жаңа оқу жылында 1 сыныпқа 51 оқушы, даярлық сыныпқа 44 оқушы қабылданған. Әліде келем деушілер болса, қабылданатынын мектеп директоры сөз арасында тілге тиек етті. Республикалық үздік 10 мектептің қатарынан орын алған мектепте, сапалы білім бар екенін айтпасада белгілі.

Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Торғайда өткен «Күй керуені» ұлт рухын тербетті

Ұлттық өнер – халықтың жадын жаңғыртып, рухын асқақтататын асыл қазына. (далее…)

18 часов назад

Ұлттық ресурстардан түсетін табыс болашақ ұрпақты қолдауға бағытталады

«Ұлттық қор – балаларға» бастамасы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына 2022 жылғы…

19 часов назад

В десяти областях Казахстана работают мониторы на стадии досудебного расследования

Как известно, стадия уголовного досудебного расследования начинается с регистрации заявления, сообщения об уголовном правонарушения. (далее…)

19 часов назад

Причинённый киберпреступниками ущерб карасулянам составил 61 312 495 тенге

Такие данные озвучены в Карасуском отделе полиции во время проведения заседания круглого стола. (далее…)

20 часов назад

Жас маман еңбек жолын Торғайдағы Ақкөл ауылынан бастады

Еңбектің жалынына шыдап, маңдай терімен күнкөріс қамын жасап жүрген әр маманның қоғам алдындағы жауапкершілігі өлшеусіз.…

23 часа назад

В рамках социально-правовой акции «Мүмкіндік» в Мендыкаринском районе прошла встреча с лицами, чьи возможности по ряду причин ограничены

В мероприятии приняли участие прокурор Мендыкаринского района Ерлан Сарсенов, глава района Габит Бекбаев и представители…

24 часа назад

This website uses cookies.