Жангелді ауданында хоккей алаңы салынып, қолдануға берілді

Бұрынғы Н.Г.Иванов орта мектебінің ескі ғимараты орнына жаңа нысан бой түзеді

Спорттың қай түрінен болсын алдыңғы қатардан көрінетін спортшыларымыз үшін, енді жаңа спорт түрі қосылмақ. Аудан әкімі Шота Оспанов, спорт ардагері Қонысбай Сапабекұлы ашылу салтанатында мұз айдынының лентасын қиып, жиналған қауымды нысанның бой түзеуімен құттықтады.

– Мемлекет басшысы бұқаралық спорттың дамуын нақты қолға алып, қолдап отыр. Аудан орталығында жаңа спорт кешенінің бой түзеуі, футбол алаңдарының ашылуы, іргетасы қаланғаннан күрделі жөндеу жұмыстарын көрмеген «Топжарған» спорт кешенінің күрделі жөндеуден өтуі, ауыл ауылдық округтерде де осындай істер атқарылып жатқаны соның нақты дәлелі. Сондай-ақ, бұл нысанның Н.Иванов орта мектебі жанынан салынуыда, сол мектептің оқушылары мен денешынықтыру пәні мұғалімдеріне жасалып жатқан көмек деуге болады. Алдағы уақытта ауданымыздың атын танытатын жас хоккейшілер шығады деген сенімдемін, – деді аудан басшысы.

Аталмыш шара қонағы ат бапкері, спорт ардагері Қонысбай Ражанов жылы лебізін арнады. Спорттың бұл түрі қазір болмағанымен, бұрын ауданда арнайы хоккей командасының болғанын тілге тиек етті. Аудан жастары кез- келген спортты игеріп, ауданның намысын, әлем кубогында дәлелдеп жүргенін баса айтып, көп ұзамай хоккей спортыда сол қатардан көрінетініне сенім білдірді.

Спорттың бұл түрі бұрын соңды аудан көлемінде болмаған. Дегенмен жастар бұл спортты да тез игеріп кетеді деген ойдамыз. Себебі ауданда бокс спорты осыдан 3-4 жыл бұрын ғана енген еді. Десекте, жақсы тәлімгер мен спортшылардың арқасында қазіргі таңда республикалық додалардан жеңімпаз атануда. Аталмыш нысан облыстық қаражат есебінен қаржыландырылған. Мердігер Қызылорда қаласының «Бибісары» ЖШС, басшысы Сәбит Аңсат. Бас аяғы 13 млн теңгеге салынған нысан екі айда бой түзеп, пайдалануға берілді. Көпнысанды хоккей корты қыстық маусымда, жас хоккейшілер үшін пайдаланылса, жазғы уақыттарда футбол алаңы ретінде қолдануға ыңғайластырылған. Мұздың астыңғы қабатында арнайы жасыл газон төсеніші төселген. Мердігердің сөзіне сүйенсек, беткі мұз қабаты жасыл газонның бұзылуына кедергі келтірмейді. Мектеп жанында орналасқан шағын мұз айдыны, тиісті талапқа сай салынған. Енді мұнда мектеп оқушылары мен спортқа жақын тұрғындар хоккей ойнап, коньки тебе алады.

Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31