Жангелдин ауданы бойынша жаңа оқу жылын 2360 бала бастамақ

Былтырғы оқу жылы мектеп қабырғасындағы оқушылар үшін біраз қиындық туғызған еді

Қашықтықтан оқу ұстаздар мен оқушыларды біраз әуре сарсаңға салды. Онлайн оқудың мектеп парталарында отырып, ұстаз алдында дәріс алғаннан айырмашылығы өте көп. Ата-ананың қадағалауымен білім алған оқушылардың білімі әлде қайда төмендеп кетті. Осыны ескерген білім министірлігі биылғы оқу жылын карантиндік талаптарды сақтай отырып, мектеп қабырғасында оқытуға шешім қабылдады. Жүздері бал – бұл жайнап үш айлық демалыстарын артқа тастаған оқушыларда мектептерімен қауышпақ.

Аудан бойынша жаңа оқу жылын 2360 бала бастамақ. Оның 212 оқушысы алғаш мектеп табалдырығынан аттағағалы отыр. Жоғарғы сынып оқушылары 173. Балаларға тәлім- тәрбие беріп отырған 641 ұстаз бар. Бұл сан жақында тағыда ауыспақ. Себебі, жаңа оқу жылында жас мамандар келіп, өз жұмыстарын бастайды. Ауданға биыл 29 жас маман дипломмен оралды. Жақында өткен жәрмеңкеде мамандарды қажет етіп отырған мектептер жас мамандармен толықты. Тиісті айналысып отырған орындар қанша маман жұмысқа нақты орналасқандығы жөнінде мәлімет бере алмады. Десекте, ауданда жалпы сұранысқа ие мамандықтар өте көп. Мәселен, математика, химия, орыс тілі, физика, алғылшын, технология пәнінің мұғалімдері тапшы. Басым көпшілігі денешынықтыру пәнін таңдайды. Оқуы жеңіл болғандықтан соны құба – құп көретіндер аз емес. Аудан орталығындағы үш мектептің өзінде бірнеше мұғалім, аз сағатты бөліп алуға тура келіп отырғандығын ескермейтін тәрізді. Ауданнан жұмыс болмады деп кейін реніш болмау үшін, тапшы мамамдықтарды, қажетті мамандықтарды таңдауға мектеп қабырғасынан дұрыс бағыт алған жөн.

Жас мамандарға мемлекет тарапынан қолдау бар. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша, үй алып, көтерме жәрдемақы алуға мүмкіндік қарастырылған. Экономика және қаржы бөлімінің мамандарының айтуынша, биылғы жылдың өзінде 29 маман көтерме жәрдемақы алса, 3 маман тұрғын үй алуға несие алған. Тұрғын үй мәселесі бойынша несие рәсімдеу жұмыстары әліде жалғасуда.

Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31