Арнайы техникалар қыс бойы көшелерді тазартуға басымдық берді
Жангелдин ауданының әкімі Шота Оспановтың тапсырмасына сәйкес, Торғай аулының әкімі Кемеңгер Қарағұл коммуналдық кәсіпорынның техникаларын жұмылдырып, аудан орталығын қардан тазалауда.
Шақшақ Жәнібек атындағы орталық алаңдағы қарды қырып, тазалап, камаз автокөлігімен сыртқа шығарып жатыр. Қыс бойы көшелерді қардан тазалау жұмыстарына басымдық берді. Тіпті, өткен жолы күн жылып, жаңбыр жауып, артынша қатты аяз болып, көше асфальттарынан жеңіл машиналар жүру мүмкіндігінен айырылды. Мұз болып қатқан қарларды арнайы техникамен тегістеп, қалыпқа келтірді.
– Аудан ішіндегі жолдарды қардан тазарту жұмыстарына бөлінген қаржы мақсатты игерілуде. Оның сытында қоғамдық жұмысқа тартылған адамдар көктемде су ағатын арналарды қолмен тазалады. Әзірге су басу қаупі төніп тұрған жоқ. Барлық көшелердегі үйме қарларды тазалап жатырмыз.
Басымдық орталық алаңға беріліп отыр. Себебі, наурыз мерекесіне орай киіз үйлер тігіліп, мәдени көпшілік іс-шаралар өтеді. Адамдар көп шоғырланып жүретін жер болғандықтан күнделікті қадағалап отырмыз. Аман есен жер құрғап, күн жылығасын бірқатар жұмыстарды қолға аламыз.
Яғни абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарына кірісеміз. Сондай-ақ, біраз көшелерге асфальт жабындылары төселіп, қайта жаңарады. Ел игілігі үшін қызмет жасауға дайынбыз,- дейді Торғай ауылының әкімі Кемеңгер Қарағұлұлы.
Сонымен қатар, аудандық мәслихат депутаттарының ұсынысы бойынша «Стройучасток» кентіндегі бөгетті жаз айында қалыпқа келтіру жұмыстарымен айналысады. Бөлінген қаражат жоқ деп қар құрсауында алаңсыз отырған кейбір ауыл, ауылдық округтердің әкімі Торғай ауылынан үлгі алғаны жөн.
Байбатыр АХМЕТБЕКОВ
Жанкелдин ауданы
Акушеры-гинекологи Иван Абрамович и Татьяна Федоровна Янцен известны многим в Костанае. Попасть в их семейное…
Руководители региональных колледжей обсудили новую модель патриотического воспитания и современные подходы к подготовке специалистов. (далее…)
Азат Байманов, проработав 17 лет учителем физической культуры и спорта, принял решение кардинально сменить сферу…
Их предоставят очередникам. (далее…)
Поездка стала логическим завершением трудового ритма уходящего года, который был насыщенным для трудовых коллективов региона,…
Учитель русского языка и литературы из Житикаринского района Ирина Афанасьева занимает первую строчку рейтинга республиканского…
This website uses cookies.