Жангелдин ауданына әнші мен блогер келді

Ел пайдамыз тисе игі

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы әнші, қостанайлық Ернар Садырбаев пен танымал блогер Жансерік Қадырбаев Торғай жеріне ат басын бұрды. Ол алдымен тасқын судың зардап тартқан Тәуіш, Қалам-Қарасу, Сарысу, Саға ауылдарына барды. Ауыл тұрғындарымен кездесіп, мән жайды анықтап, сұхбат жүргізді.

Олардың негізі мақсаттары, запашеккен елге көмектесу.

«Еліміздің көп бөлігінде төтенше жағдайлар жарияланды. Танымал адамдардың көбі арнайы қор ашып халықтан көмек жинап әр жаққа қолдау көрсетуде. Десекте шалғайдағы Торғай жерін атап жатқандар аз. Бізде қол қусырып қарап отыра алмадық. Сол себепті қолымыздан келетінін жасаудамыз. Ернар екеуміз елде болып жатқан оқиғаларды толық түсіріп, Қазақстанның әр түпкірінен қарап отырған оқырмандарға барынша көрсетуді жөн деп санадық. Барлық ауылдарды көзбен көріп, жағдайымен таныстық. Түсірдік, халыққа жеткіздік. Ендігі біздің міндет, қарт Торғай үшін арнайы қор ашып, жиналған қаражатқа қажетті заттармен қолдау білідіру. Бұйыртса, елге көмегімізді жіберетін боламыз”, -дейді блогер Жансерік Қадырбаев.
Жақсы ниетпен келген азаматтарды, торғайлықтар жылы қарсы алды. Елден кетпес бұрын кеш болсада Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатовтың мұражайын аралады. Әлеуметтік парақшалары арқылы арнайы қор ашқандарында оқырмандарға жеткізді. Олай болса, жағымды жаңалықпен оралатына сенім білідірейік.

Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31