Жангелдин ауданында халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету және алдағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.
Әсіресе әлеуметтік осал топтарға жататын азаматтардың баспана мәселесін шешуге басымдық беріліп отыр.
2026 жылы осы санаттағы азаматтар үшін ауданда 28 жаңа тұрғын үйдің құрылысы қолға алынған. Қазіргі уақытта тұрғын үй кезегінде әлеуметтік осал топтар санатындағы 35 азамат тіркелген. Жаңа баспаналар құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін «Отбасы банк» арқылы белгіленген тәртіпке сәйкес кезең-кезеңімен берілетін болады.
Аудан әкімі Дінмұханбет Бидашевтің айтуынша, тұрғындарды баспанамен қамту – әлеуметтік саясаттың маңызды бағыттарының бірі. Жаңа тұрғын үйлер кезекте тұрған азаматтардың тұрғын үй жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар аудан тұрғындарын қысқы кезеңде үздіксіз көмірмен қамтамасыз ету мәселесі де назардан тыс қалған жоқ.
2026-2027 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық аясында аудан бойынша барлығы 20 720 тонна көмір жеткізу жоспарланған. Бүгінгі күнге дейін 17 157 тонна көмір жеткізіліп, жоспардың 91 пайызы орындалды.
Ауданда тұрғын үй құрылысы мен көмір жеткізу жұмыстары белгіленген жоспарға сәйкес жалғасуда. Бұл шаралар тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға және алдағы қысқы кезеңді тұрақты өткізуге бағытталған.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Суретті түсірген – Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ
Право каждого гражданина Республики Казахстан на бесплатное получение 10 соток земли под индивидуальное жилищное строительство…
Жангелдин ауданының экономикасында ауыл шаруашылығы жетекші орын алады. (далее…)
Қамысты ауданында еңбек ресурстарының тапшылығын азайту, жергілікті кәсіпорындар мен мекемелердің кадрларға қажеттілігін қамтамасыз ету бағытында…
Состояние дорожной инфраструктуры напрямую влияет на качество жизни сельчан, своевременный подвоз детей в школы, работу…
И это доказала прошедшая ярморочная суббота на которой разнообразные сельскохозяйственные продукты представляли и предприниматели Узункольского…
Краеведческий навигатор помог юным жителям района прикоснуться к истории малой родины, познакомиться с известными земляками…
This website uses cookies.