Жангелдин ауданында аналарға ерекше құрмет көрсетілді

Айтулы мереке күні аудандық мәдениет үйінде Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Ерекше – мереке» атты мерекелік кеш өтті

Аудан әкімі Шота Оспанов барлық аналарды мерекелерімен құттықтады.

– Ақ жаулықты аналар тәуелсіз еліміздің гүлденуі жолында саналы ұрпақ тәрбиелеп, қоғамдық істе белсенділік танытуда.Тіршіліктің тынысында тағы да бір жылдың күлімдеп, таң арайын атқызған наурыз айы да келіп жетті. Көктеммен бірге келетін жылулықтың, әдеміліктің, сұлулықтың, символдары бола білген ақ жаулықты аналарымыз бен аяулы аруларымыздың халықаралық мерекесі. Жылына бір келетін осындай көңілімізге қуаныш ұялатар мереке қарсаңында,баршаңызға амандық, отбастарыңызға қуаныш тілеймін, – деді аудан басшысы.

Сонымен қатар, 80-85 жасқа толған мерейтой иелеріне сый – сияпат жасап, құрмет көрсетті. Әр салада абыройлы еңбек етіп жатқан қызметкерлерді, жеке кәсіппен айналысып жатқан әйелдер қауымын облыс және аудан әкімінің Құрмет грамоталарымен марапаттады. Марапаттаулардан кейін ер адамдар әсем әнге толы мерекелік концерттерін тарту етті. Аналарымыздың құрметіне арналған тамаша кеш өте әсерлі болды.

Гүлжан БӨЛЕГЕН


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31