Жангелдин ауданында қар суы жолдарға қауіп төндіруде

Ағысы қатты қар суы лекерлеп ұстап отырған көтерме жолдарға қауіп төндіріп отыр

Шеген ауылы мен Ақшығанақ ауылдық округі бағытындағы жолдарды су жырып, ел дүрлікті. «Үркейін деп тұрған жылқыға – қиқу салсаң не жорық» деп бекер айтылмаған екен. Әлеуметтік желілерге әуесқой бейнежазбалар тарады. Әр нәрсенің байыбына бармай жатып, сыныққа сылтау іздеп отырған блогерлер сын жазып, жауапты мекемелерді сынай бастады. Бұл уақытта жергілікті билік өкілдері коммуналдық кәсіпорынның техникаларын жұмылдырып, су жырған жерлерді қалыпқа келтіріп жатыр. Көзіммен көріп, фотоға түсіріп келдім. Қарқыны қатты қар суын тоқтату үшін жеке кәсіпкерлердің Камаз автокөліктерін, қосымша күш біріктірді. Жангелдин ауданы әкімінің орынбасары Айдаралы Талпақов, аудандық тұрғын үй-коммуналдық  шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары   және  тұрғын үй  инспекциясы бөлімінің басшысы Талғат Әміров, коммуналдық кәсіпорын басшысы Нұрбек Тілеубаев бозала таңнан іңірге дейін резеңке аяқ киіммен балшық кешіп, мұздай судың бел ортасында жүр.

– Күндіз – түні жол бойындамыз. Қар суының екпіні қатты. Бой бермей тұр. Барлық техникаларды жұмылдырдық. Жердің бәрі езіліп көк саз болып жатыр. Амангелді көшесіндегі бұзылған үйлердің орнынан құм тасып, осында әкеліп жырған жерледі тегістеп, биіктетіп жатырмыз. Екі жұмысты бір атқарып жатырмыз деуге болады. Себебі, төмпешік болып үйіндіге айналған ескі үйлердің орындары тазартылып қалды. Бір жағынан қар суын тоқтатуға пайдасы тиді. Жер құрғап, жаз аяғы кеңігесін арнайы су ағарлар жасап, кемшіліктердің орнын толтырамыз, – дейді аудан әкімінің орынбасары Айдаралы Ақылбекұлы.

Үш жерден жырылған жол қосымша күштің көмегімен қалыпқа келеді деп үміт те сенім де зор. Қысылғанда қыспаққа алмай, керсінше қол ұшын беріп, көмекке келген жөн сияқты.

Байбатыр АХМЕТБЕК

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Қарамеңділік жас өнертапқыштардың жарқын жобалары

Наурыз мерекесі аясындағы Жаңару күніне орай Науырзым ауданындағы Жамбыл жалпы білім беретін мектебінде ерекше мазмұнды…

5 часов назад

Активисты экодвижения учреждения образования Карасуского района отпраздновали День обновления

В Жаңару күні – шестой день общенациональной декады Наурызнама школьники Амангельдинской ОШ провели встречу единомышленников…

6 часов назад

В Карасуском районе на водоёмах начались взрывные работы

Первые взрывы выполнены на реке Карасу в районе села Карасу. (далее…)

7 часов назад

В Аулиеколе состоялся районный конкурс «Бұрымды қыз-2026»

Мероприятие прошло в рамках Наурызнама и стало настоящим праздником красоты, традиций и женственности, объединив талантливых…

8 часов назад

В Денисовском районе проведены взрывные работы для предупреждения паводка

Завершены плановые взрывные работы на реке Тобол в районе села Алчановка. (далее…)

8 часов назад

Когда гаснет сцена: в каком состоянии находятся сельские Дома культуры в Костанайской области?

ДК важно сохранить, ведь они способны вдохнуть жизнь в населенные пункты. Об этом пишет "ТоболИНфо"…

10 часов назад

This website uses cookies.