Ауданда жеке тұрғындар есебінен де тұрғын үйлер салынуда
Жангелдин ауданында халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған бірқатар құрылыс және инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы аудан әкімі Дінмұханбет Бидашев мәлімдеді.
Атап айтқанда, Сарысу ауылында биіктігі 24 метр болатын байланыс мұнарасының құрылысы жүргізілуде. Нысанды тамыз айында пайдалануға беру жоспарланған. Жыл соңына дейін мұнда Beeline байланыс желісі мен 4G мобильді интернетін іске қосу көзделіп отыр.
Сонымен қатар Шилі, Милісай және Көлқамыс ауылдарына талшықты-оптикалық байланыс желілері тартылып жатыр.
Тәуіш ауылында «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қолдауымен модульді ангар үлгісіндегі спорт залы орнатылуда. Жаңа нысанды қыркүйек айында пайдалануға беру жоспарланған. Әлеуметтік осал топтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету бағытында да жұмыстар жүргізіліп жатыр. Биыл 24 пәтер салу жоспарланса, келесі жылы тағы 20 пәтер бой көтермек.
Бұдан бөлек, ауданда жеке тұрғындар есебінен де тұрғын үйлер салынуда.
Инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары ветеринариялық қызмет саласын да қамтиды. Республикалық бюджет қаражаты есебінен Тәуіш, Саға, Сужарған, Аралбай, Көкалат, Аққөл, А.Байтұрсынұлы, Ақшығанақ және Шилі ауылдарына жаңа ветеринариялық пункттер орнатылып жатыр.
Қазіргі уақытта нысандар бойынша мердігерлер анықталып, құрылыс жұмыстары басталған.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Сурет аудан әкімдігінен алынды
Для Артема настоящий драйв заключается в запахе бензина, звуке карбюраторного двигателя и аутентичности советской классики.…
Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халықтың денсаулығын нығайтуда салауатты өмір салтын жүргізіп, спортпен шұғылдануының маңыздылы…
Дело об административном правонарушении в отношении него прекратили, сообщает "ТоболИнфо" (далее…)
В рамках проекта «Связь поколений» Райхан Арыстанова рассказала ученикам о своем профессиональном пути и важности…
Арқалық өңірлік ауруханасында балаларға арналған «Қамқорлық» медициналық оңалту бөлімі ашылды. (далее…)
Қамысты ауданына қарасты Арқа ауылында теміржол саласында 22 жылдан астам еңбек етіп келе жатқан Жанат…
This website uses cookies.