Жангелдин ауданында егін жинау науқаны аяқталуға жақын

Биыл өңірімізді құрғашылық жайлады

Аптаған ыстықтың салдарынан өрт көп болды. Жауын – шашын болмай шабындықтың бәрі сарғайып, қурап кетті. Егін шаруашылығының да жағдайы анау айтқандай мәз емес. Соған қарамастан 17 шаруа қожалығы және 1 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 24 851 гектар жерге дәнді дақылдар сепкен болатын. Яғни 23 851 гектары бидай, 1000 гектары арпа. Ауа – райының қолайсыздығынан алынған өнім көңілге медеу болмай тұр. Бидайдың орташа түсімі 1 гектар жерден 3 центнер ғана. Ал, жалпы есеп бойынша бидайдан 7200 тонна өнім алынған. Егін жинау науқанында 1000 гектар жерге егілген арпа өнімінен 2 центнер гектарына. 200 тонна арпа өнімі астық сақтайтын арнайы орынға жеткізілген.

– Егін ору жұмыстарына барлығы 33 комбайн 10 трактор 18 жүк көлігі жұмылдырылды. Күзгі егін ору жұмыстарына 430 тонна арзандатылған жанар – жағар май бөлінді. Оның 255 тоннасы атыраулық, 175 тоннасы павлодарлық. 1 литр жанар – жағар майды 183 теңгеден алдық. Қазіргі таңда 376 тоннасына келісім шарт жасалды. Оның 227 тоннасы тасылып алынды. Алдағы күндері шаруа қожалықтары келер жылдың дайындығына кірісіп, жерлерді күтіп – баптау жұмыстарын талапқа сай жасайды, – дейді аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің маманы Ернұр Сайлаубекұлы.

Байбатыр АХМЕТБЕК

Cуретті түсірген Сергей РЫБИН


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31