Жангелдин ауданында ірі қара малдың белгісіз ауруы анықталмай тұр

Көкалат ауылының тұрғыны «Нұр» шаруа қожалығының жетекшісі Нұрсұлтан Садық мал дәрігерлерін шақырған

Олар ірі қара малдарында белгісіз аурудың барын айтқан. Сиырлардың қандай ауру жұқтырғанын ветеринария саласының мамандары дөп басып айта алмай тұр. Ауырған малдарда құтыру белгілері бар деп анықтаған. Себебі, адамға қарсы жүгіріп, ұмтылатын көрінеді. Аяқтарын баса алмай, ауздары көпіріп өліп қалады екен. Шаруа қожалығының 5 сиыры өліп қалған.

Оның сыртында белгісіз ауруға шалдыққан 4 бас сиыр ауырып тұрған көрінеді. 300 бас ірі қара малынан айырылып қаламыз ба?, – деп алаңдап отыр. Ауыл тұрғындары бұл ауруды стоматит деп болжаған сынайлы болды.

– Стоматит болса, малдар шөп жемейді. Ал мен сиырлардан ондайды байқамадым. Мал дәрігерлерін шақырдым. Түрлі сылтаулар айтып, дер кезінде келмеді. Онда журналистерді шақырамыз дегесін амалсыздан келді. – Малыңыз ауырып тұр, – деді. Оны өзімізде көзбен көріп тұрмыз. Ертең келіп егеміз деп шолақ қайырып кетті, – дейді Нұрсұлтан Садық.

«Біздің Торғай»


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31