Жангелдин ауданында көмір бағасы неге қымбат деп тұрғындар мәселе көтеріп жатыр

Қарапайым халықпен санаспай ма?

Көмір бағасына көңіл толмай тұр. Әлі күн суыта қойған жоқ. Бірақ, неге екені белгісіз 1 тонна көмірдің бағасы 27 мың теңге. Кезінде Арқалық – Шұбаркөл арасына теміржол салынғанда халық бөрігін аспанға атып, қатты қуанды. Себебі, көмір бағасы арзандап, Арқалық қаласынан тасымалданады деген үміт болды. Кейінгі жылдары вагон арқылы келетін көмірдің сапасы күрт төмендеп кетті. Камаз автокөлігі бар жеке кәсіпкерлер Шұбаркөлден көмір тасып жатыр. Жердің шалғайлығынан көмір бағасы өсіп жатқан шығар. Қазір жанар – жағармай бағасы да шарықтап тұр. Десекте, қарапайым халықпен санасқанның еш артықшылығы болмас еді. Тұрақты жұмысы бар адамдар қымбатшылықты елей қоймас. Ал, жұмыссыз, мемлекет тарапынан балаға берілетін жәрдемақымен күнелтіп отырған отбасыларға оңай тимесі анық. Отын су мен киімге жұмасаса, азық – түлікке жетпейді. Оның сыртында қысқы мал азығы бар. От пен судың ортасында қалмаса да, басына тартса, аяғына жетпейтін қысқа көрпедей азғантай ақшаны қай жағына жеткізерін білмей отырған отбасылардың тағдырына кім алаңдайды.

«Ауа – райы жылы. Жерде қар жоқ. Көмір бағасы қымбаттап кетті. Қадағалайтын мекемелер жоқ па? Бағада шектеу болу керек? Камазисттер халықпен неге санаспайды? Айлығы – шайлығына жетпейтін отбасылар бар. Олар бір қысқа жоқ деген де 7 тонна көмір алады. Аудан көлемінде айына 189 мың теңге кіріс кіретін отбасылар саусақпен санарлықтай ғана. Жердің шалғайлығын, жанармайдың қымбаттылығын алға тартпай, халықпен санасса, ағайынның ақ батасын алар еді», – дейді аудан тұрғындары.

Коммуналдық кәсіпорын мекемесінде бір ғана камаз бар. Жергілікті билік жыл сайын әлеуметтік жағдайы төмен жанұяларға арзан бағада қысқы отындарын түсіріп береді. Қысылғанға көмек қолын созу барша адамдардың азаматтық борышы деп білемін. Желтоқсанның ақ түтек бораны, қаңтар айының сақылдаған сары аязы бір бүйірден қысқанда, көмір бағасы 30 мың деп тұрса, ағарған самайдың шашы түсіп, айнаға қарайтын бет қалмас.

Байбатыр АХМЕТБЕК
Суретті түсірген: автор

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

В Денисовском районе проведут огнезащиту 20 школ

На огнезащитную обработку деревянных конструкций кровли в 20 учебных заведениях района выделено 2 млн тенге.…

23 часа назад

Өзгерістерге қарай жасалған қадам

Сарыкөл ауданының полиция бөлімінде пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтармен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. (далее…)

24 часа назад

Науырзымда ұлттық мұра жаңғырып келеді

Өлеңді ауылының тұрғыны Ерболат Бияхметов атадан қалған қамшы өру өнерін қайта жаңғыртып, ұлттық қолөнерді дәріптеп…

24 часа назад

Торғайдың ақжарқын келіні

14 бөлмелі шаңырақты шуаққа бөлеп отыр. (далее…)

1 день назад

This website uses cookies.