Жангелдин ауданында ұлт ұстазына арналған тарихи той жаласын тапты

Торғайдағы дүбірлі той екінші мәрте қайта тойланды

Республикалық деңгейдегі тойдың шырқы бұзылуына Әулиекөл ауданындағы өрт себеп болған еді. Халықтың еңсесі түсіп, ұлт ұстазына арналған той кейінгі шерілгені еді. Алаштың көсемі Ахмет Байтұрсынұлына құрмет көрсету, рухына тағзым жасау үшін тарихи той қайта жалғасын тапты. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым – Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев арнайы келіп, қоғам қайраткерлері, алаштың ардақтылары А.Байтұрсынұлы мен М.Дулатұлының ескерткішін салтанатты түрде ашты.

Торғай халқын бір жарым ғасырлық мерейтойымен құттықтады. Сонымен қатар, қос арыстың жуырда ғана замианауи қалыпқа келтірілген мұражайын аралады. Артынша, аудандық мәдениет үйінде өткен «Ұлтына ғұмырын арнаған ұлы тұлға» атты республикалық ғылыми – тәжірибелік конференцияға қатысты. Мемлекет басшысының құттықтау хатын оқып берді. Ел мерейі көтеріліп қалды. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов мерейтой аясында атқарылған ауқымы кең жұмыстардың легімен таныстырып, Торғай өңірін дамыту мақсатындағы бірқатар инвестициялық жобаларға тоқталды. Тарих ғылымдарының докторы, профессор, жерлесіміз Қойшығара Салғараұлы ұлт ұстазының еңбектерін баяндай отырып, басшы да, қосшы да, бала да Ахаңды әлі күнге жетік тани аламағандықтан лайықты түрде ұлықтай алмай жүргендігін ашық айтты. \

Тілші, ғалым, Қазақстан журналистер одағының мүшесі, ҚР ұлттық ғылым академиясының академигі, «Арыс» қорының президенті Ғарифолла Әнесұлы тұлғаның мұраларын зерделей отырып, облыс әкіміне ұсыныс жеткізді. Қазақ және Айқап газеттерінің макетін жасап, облыстық әкімдіктің алдына қою керектігін мәселе қылып көтерді. Орынды ұсыныс. Шешімін тапса игі. Филология ғылымдарының кандидаты, доцент, Ш.Шаяхметов атындағы ғылыми зерттеу орталығының қызметкері Гүлназ Төкенқызы сиясы әлі кеппеген, беттері парақталмаған А.Байтұрсынұлының қазақ, түрік, орыс, ағылшын тілінде басылып шыққан «Таңдамалы шығармалары» кітабын мұражай қорына табыстады.

Конференция жұмысы қорытындыланып, елдің өркендеуіне үлес қосып жүрген адамдарды сенат төрағасы Мәулен Сағатханұлы марапаттады. Мерекелік төсбелгілерді табыстады. Ақкөл ауылының тұрғыны Нұрқожа Ерназаров пен Рысты Ерденқызына Жангелдин ауданының «Құрметті азаматы» атағы берілді. Сенат төрағасы Ахаңның туған жеріне ат басын бұрып, Байтұрсын әулетінің ұрпақтарының қорымына тағзым жасады. ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілі, облыстың бас имамы Бақытбек Тәжімбетов дұға оқып, ұлы тұлғалардың рухына бағыштады. Күрделі жөндеуден Сарытүбек қонысындағы Ахаңның мұражай – үйін тамашалады.


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31