Наурызнаманың он күндігіне сәйкес, бүгін 19 наурыз жаңару күні.
Бұл күні сөзбе-сөз мағынада да, қоғамдық-саяси тұрғыда да “өмірдің жаңаруын” бейнелейтін жаппай ағаш отырғызу шарасы. “Жаңару” күні барша азаматтарды ортақ мақсаттарға жету жолында бірігуге және ынтымақта болуға үндейді. Бұл күн ел өмірінде және әрбір қазақстандықтың өмірінде жаңа кезеңнің басталуын білдіреді.
Осы орайда, Жангелдин аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі ұжымының ұйымдастыруымен « Жаңару-ел тарихындағы жаңа кезең атты» мерекелік шара өтті. Шараға аудан әкімінің орынбасары Еренбол Алматов, аудандық мәслихаттың төрайымы Анар Ержігітова, мекеме басшыларымен аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі мекемесінің жанынан құрылған «Белсенді ардагер оқырмандар» қауымдастығының мүшелері қатысты.
Алдымен ардагерлер «Жаңару» күніне орай, кітапхана ауласына көшет отырғызды. Кітапхананың кіреберісінде қауымдастық мүшелері Разия Нұрғазықызы, Данагүл Қараболатқызының қолдан жасаған туындыларынан және «Наурыз мейрамы-ұлылықтың ұйтқысы» атты кітап көрмесі қойылып, таныстырылымы өтті. Шара дөңгелек үстелмен жалғасын тапты. Ардагерлер жаңғыру күнінің мән мағынасына түсінік беріп, пірірлерін ортаға салды. Ұйымдастырушылар тарыпынан түрлі ұлттық дәстірге сай ойындар ұйымдастырылып, ұлттық дәстүр жаңғырды. Шараның жалғасы «Ынтымақ» ауылында жалғасты. Бұл ауылда үстел басында арнайы мерпекелік дастархан жайылып, қазақтың ұлттық тағамдары, ойындары, салт дәстүрлері дәріптелді. Қазақлықтың қайнаған өмірі суреттелген бұл ауылда домбырамен әуезді ән шырқалып, күмбірлеген күй шертілді. Мерекелік шараға жиналған қауым жақсы көңіл күйде тарқасы.
Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ
Жангелдин ауданында ауыз сумен қамту көрсеткіші 90 пайызға жеткен. (далее…)
Акушеры-гинекологи Иван Абрамович и Татьяна Федоровна Янцен известны многим в Костанае. Попасть в их семейное…
Руководители региональных колледжей обсудили новую модель патриотического воспитания и современные подходы к подготовке специалистов. (далее…)
Азат Байманов, проработав 17 лет учителем физической культуры и спорта, принял решение кардинально сменить сферу…
Их предоставят очередникам. (далее…)
Поездка стала логическим завершением трудового ритма уходящего года, который был насыщенным для трудовых коллективов региона,…
This website uses cookies.