Жангелдин ауданында шаңғышылар шаң қаптырып шыңға шықты

Жангелдин ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасында классикалық және еркін жүру шаңғы жарысынан байрақты бәсеке өтті

Бұл қысқы спартакиада Б.Майлиннің 130 жылдығына арналды. Сонымен қатар, қысқы президенттік көпсайыс бағдарламасында “Кермеге тартылу”, “Мылтық ату” және шаңғымен жүгіріп өту эстафетасына аудан мектептерінен 306 оқушы қатысты.

– Салауатты өмір салтын қалптастыру мақсатында және қазақтың ұлы тұлғасы Б.Майлиннің 130 жылдығына арналған қысқы ойындар жоғары деңгейде өтті. Жарысқа қатысушылардың жеңіске деген жігерлеріне тәнті болдық. Әсіресе, шаңғы жарысында мектеп оқушыларының жылдамдықтарына таңқалып таңдай қақтық. Оның сыртында “Мылтық ату” бәсекесінде нысананы көздеп ату кезінде мергендіктерімен көзге түскендер ерекше ықыласқа ие болды. Осы қысқы спартакиадада жеңімпаз атанғандар облыстық кезеңге жолдама алып, жақсы көрсеткішпен елге оралды. Жыл сайын осындай адам денсаулығына пайдасы зор жарыстарды үнемі жоспарға қойып, өткізіп отырамыз, – дейді білім бөлімінің спорт әдіскері Қазыбек Аймақов.

Жарыс қортындысы бойынша жалпы командалық есеп бойынша 1- орынды Қаратүбек жалпы білім беретін мектебінің командасы жеңіп алды. 2- орынды Жангелдин жалпы білім беретін мектебінің командасы теленді. 3-орынды  Ғ.Қайырбеков атындағы жалпы білім беретін мектебінің командасы місе тұтты.

Байбатыр АХМЕТБЕКОВ

 

 

 


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31