Жангелдин ауданында «Торғай аруы – 2024» байқауы өз мәресіне жетті

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі және аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Торғай аруы – 2024» аудандық байқауы өтті.

«Халықаралық әйелдері күні» мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған байқауға 11 үмітер қатысып, бар өнерлерін ортаға салды. Байқаудың әр бөлімінде ару қыздарымыз қолдарынан келгенін аянып қалмады. Таныстыру кезеңінде ізденіспен жұмыс жасап, жан – жақты талпынғандарын байқадық. Өз өнерлерін көрсету бөлімінде ару қыздарымыз жаңа қырыннан танылды. Көрермендердің де, әділ қазылардың да көңілінен шықты. Қолөнер шеберлігіне келгенде бір – бірімен бәсекелстіктері арта түсті. Ал, соңғы сән үлгісінде барлық үміткерлер жоғары бағаланды.

Байқау қорытындысы бойынша,қазылар алқасының ұйғарымымен Ы.Алатынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Нұржамал Сағынай бас жүлдені иеленіп, “Торғай аруы – 2024” атағын жеңіп алды. Жүлделі бірінші орынды Н.Иванов атындағы жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Бибінұр Нүретден иемденді. Екінші орынды Қалам-Қарасу ауылдық округінің аруы Жанкүміс Бақытқызы еншіледі. Үшінші орынды аралбайлық ару Аружан Қабыкен місе тұтты. Қалған қастысушылар арнайы номинациялармен марапатталды. Ал, жүлдегерлерге арнайы алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтар табысталды.

-Бұл байқауды өткізудегі басты мақсатымыз, ару қыздарымыз қазақтың салт-дәстүр, әдеп-ғұрыптарын қастарлей білсін дедік. Барлық ауыл, ауылдық округтерге арнайы қатынас қағаз және байқау ережесін жібердік. Бірақ, неге екені белгісіз Шеген, Ақкөл ауылы және аудан орталығындағы Ш.Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектебі қалыс қалды. Осы іс-шараға атсалысқан Сужарған, Тәуіш, Аралбай, Милісай, Торғай, А.Байтұрсынұлы ауылының және Ақшығанақ, Қызбел, Шилі, Қалам-Қарасу ауылдық округінің клуб меңгерушілеріне, Ы.Алтынсарин, Н.Иванов атындағы білім ошақтарының ұжымына алғысымды білдіремін. Жалпы, аудан көлеміндегі мәдени көпшілік іс-шараларға немқұрайлы қарамау керек.

Тек қана мәдениет саласының қызметкерлеріне міндетті екен деп өнер ортасынан шеттеуге болмайды. Сондықтан барлық тұрғындарға айтарым, ауданның мәдениет саласына үлес қосып, еліміздің мерейін көтерейік. Алда әлі талай іс-шаралар бар. Оның жоғары деңгейде өтуі жергілікті халыққа байланысты. Ал, бүгінгі байқауға келер болсақ, ару қыздарымызға дән ризамын. Үлкен сахнаға шығып, шыңдалды, бойларындағы өнерлерін жұртшылыққа насихаттады. Сол арқылы іс-шарамыз өте кермет болды, – дейді мәдениет бөлімінің басшысы Жанар Асанханқызы.

Өнерге сусаған халық мәдениет үйіне лық толды. Аяқ алып жүрер жер болмады. 7 жыл бойы төмендеп кеткен мәдениет саласы қайта көтерілді. Себебі, осы салаға өнер жанашарлары басшылық етуде.

Байбатыр АХМЕТБЕКОВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31