Жангелдин ауданындағы медресенің құрылыс жұмысына жұдырықтай жұмылып, сауапты іс жасайық

Естеріңізде болса, «Оспанқожа әулие» мешітінің бас имамы Рүстем Әмірхан Торғай халқына үндеу жариялап, діни сауат алатын медресенің құрылыс жұмыстарына атсалысуға шақырды

– Медресе Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ұстазы, Оспанқожа әулиенің немересі Ғазиз қажы Әмірханұлының есімімен аталатын болады. «Оспанқожа әулие» мешітінің жанындағы медресеге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қомақты қаржы қажет. Оны заман талабына сай жаңартып, жас ұрпақтың діни сауаттылығын арттыруға бағыттайды. Медресе ішінде оқу залы, асхана, жуынатын және жатын бөлмелер болады. Қазірдің өзінде діни сауат аламыз деп ниет білдіріп жатқан балалардың саны жетерлік. Қолда бар азғантай қаржымен ішкі жұмыстарын бастап кетті. Егер жамағат тарапынан қолдау болып, көп қаражат жиналса екі қабатты медресе қыламыз деген жоспарлары бар. Сондықтан көп болып қолдау көрсетейік ағайын. «Көп түкірсе, көл болады» деп ата – бабамыз бекер айтпаған. Қазақстанның түпкір – түкпірінде жүрген торғайлықтар осы іске жұмыла кіріссе, медресенің құрылыс жұмыстары бас – аяғы үш айда пайдалануға беріледі, – дейді бас имам Рүстем Исламұлы.

Ол үшін арнайы ашылған есеп шотта бар. KZ: 88563P3500000753486 ЖСН: 910841000182 немесе Каспи голд: 87757115657. Имандылық жолында ізеттілік танытып, бірлігімізді көрсетейік.

Байбатыр НИЯЗБЕКҰЛЫ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31