Үлгілі мекеме
Қ.Алтынсары көшесінің бойымен жүрсеңіз жол шетніде мен мұндалап тұрған мекеме бар. Ол аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің екі қабатты ғимараты. Дәл ос ғимарат бұған дейін мұндай кейіпке енген емес. Талай басшы келіп, кетсе де бір өңі кірмеген ғимарат еді. Өткен жылы екі қабатына күрделі жөндеу жұмыстары жасалды. Замануи есіктер салынды. Еденге ақ түсті қиынды тастар төселді. Ішіне кіріп көрсеңіз өзіңізді айнадан көргендей боласыз. Сырты да қажетті құрылыс материалдарымен қапталды. Жылу жүйесі де жақсы. Құрылыс жұмысарына былтыр аудандық бюджеттен 10 млн теңге қаржы бөлінген. Басшылықтың назарында болғандықтан ба құрылыс жұмысы сапалы істелген.
Ғимараттың алдына қийндар тастар төселген. Темір шарбақпен қоршалып, көшет ағаштары отырғызылған. Арасында 10 түп шырша ағашы да көктеп келеді. Осы жұмыстардың барлығына мекеме қызметкерлері мен шаруашылық жұмыскерлері атсалысқан. Бұл ауызбіршіліктің белгісі деген сөз.
«Былтыр аудандық бюджет есебінен абаттандыру жұмыстарына 800 мың теңге бөлінді. Біз биыл жүзеге асырып, мақсатты игердік. Есік алдына орындықтар қойдық. Қоқыс салатын арнайы ыдыстар да бар. Оның сыртында жарықтандыру мақсатында алты жерден электржарығын орнаттық. Жалпы, мекеменің айналасына 64 түп ағаш отырғыздық. Алдағы уақытта да «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында жүйелі түрде жұмыстар жасайтын боламыз», – деді мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жанар Асанханқызы.
Әкімшіліктен бөлек орналасқан мекемелер дәл осындай кейіпке енсе, аудан орталығының ажар нұрланар еді. Осы мекемені үлгі тұтып, талпыныс жасаса, еш артықшылығы болмайды. Менің білетінім «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясына үлес қосып отырған аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен спорт бөлімі. Жақсы іске жұмылып, жақсылықтың жаршысы болуға асығайық.
Байбатыр АХМЕТБЕК
- Сотрудники полиции несут службу в штатном режиме, но, несмотря на это, жители региона все…
Денисов ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға кешенді қолдау көрсету жұмыстары үздіксіз жүргізілуде. (далее…)
Многодетные мамы получили награды за самоотверженность и любовь к детям, заслужив особое признание. (далее…)
В зимний период снегопады значительно осложняют передвижение пожилых людей и создают опасность при выходе из…
26 января ранним утром легковой автомобиль Toyota Celica застрял в снегу на 29-м километре дороги…
Біз оқырман назарына Торғай мұражайлар кешенінен табылған құнды жәдігердің тарихын ұсынуды жөн көрдік. (далее…)
This website uses cookies.