Сақтық шаралары толығымен қамтылды
Ақкөл мен А.Байтұрсынұлы ауылының ортасын бөліп тұрған «Ұлы Жыланшық» өзені тасып, елдің үрейін алды. Тасқын судың қарқыны былтырғы жылға қарағанда қатты емес екен. Десекте, бөгет пен көтерме жолдарды бұзып, ауыл халқын әбігерге салды. Жедел көмекке барған Қостанай қаласындағы ұлттық ұлан 6697 әскери бөлімінің бірінші жедел мақсаттағы құрамы дер кезінде көмек көрсетіп, су жырға жерлерді қалыпқа келтірген. Дамбылар мен көтерме жолдарды, бөгеті құм салған қапшықтармен бөгеген.
«Тасқын судан келер қауіп жоқ. Су қарқыны өте қатты емес. Деңгейі де орташа. Ақкөл және ащы көлге құйып жатыр. Бізде қолымызданк келгенше ауылдағы ер адамдар бірігіп, сақтық шараларын қамтып жатырмыз. Былтырғы алапат тасқын суды да көрдік қой. Оның қасында бұл ештеңе емес. Тек табиғат тосын мінез танытып, жауын – шашын болмаса болды. өзен жағалауына жақын орналсқан шаруа қожалықтары қауіпсіз аймаққа көшірілді. Өткен жылдан сабақ алдық. Жәйбір рахаттыққа салынуға әсте болмайды. Елдің амандығы керек», – дейді ауыл әкімі Балғабай Қалиев.
Апат айтып келмейді. Арқаны кеңге салып, су қарқыны көңіл көншітпейді деп алаңсыз отырған жарамас. Су бұзған көпір, бөгет жол қалыпқа келер, үйлер мен халық зардап шексе, кешірілмес қателік болады.
Байбатыр АХМЕТБЕК
Акушеры-гинекологи Иван Абрамович и Татьяна Федоровна Янцен известны многим в Костанае. Попасть в их семейное…
Руководители региональных колледжей обсудили новую модель патриотического воспитания и современные подходы к подготовке специалистов. (далее…)
Азат Байманов, проработав 17 лет учителем физической культуры и спорта, принял решение кардинально сменить сферу…
Их предоставят очередникам. (далее…)
Поездка стала логическим завершением трудового ритма уходящего года, который был насыщенным для трудовых коллективов региона,…
Учитель русского языка и литературы из Житикаринского района Ирина Афанасьева занимает первую строчку рейтинга республиканского…
This website uses cookies.