Жанкелдин ауданы Ахмет ауылының тұрғындары мәселе көтерді

Ауылдағы ауызсу ішуге келмейді

Ұлт ұстазы А.Байтұрсынұлы ауылының тұрғындары «Ауылдағы ауызсу ешқандай сүзгісіз халыққа беріліп жатыр. Соның салдарынан балаларымыз іш ауруға шалдықты» деп дабыл қақты.

«Ахмет ауылындағы халыққа таза су беретін тұщыту қондырғысы арқылы сүзілмеген су ішіп отырмыз. Өткен жолы аудандық коммуналдық кәсіпорыннан екі адам келіп, судың ақшасын жинап кетті. Суымыз өте нашар. Сасық әрі сарғыш ішуге келмейді. Балаларымыз іші ауырып, мазамыз кетті. Осыған жауапты мекеме қайда қарап отыр. Жұлдыз санап, ай қарап жүрме», – дейді ауыл тұрғындары.

Біз осы сәтті пайдаланып, жергілікті коммуналдық кәсіпорынның мамандарына хабарласып, мән – жайды анықтап, ақ – қарасына көз жеткіздік. Кемшілік тұстардың бары рас. Бірақ, барлығы да уақыт еншісінде. Оның үстіне су құбырына қажетті бір құрылғыны сатып алу үшін алдымен мемлекеттік сатып алу арқылы конкурсқа түседі. Белгіленген мерзім аяқталғасын барып, мәселенің түйіні шешіледі.

«Былтырғы жылы ол ауылдағы су тұщыту қондырғысы өртеніп кетті. Ақау электр тоғынан болғандықтан ішіндегі барлық құрылғылар істен шықты. Қазіргі уақытта су беру жүйесін қалпына келтіру үшін жергілікті бюджеттен 35 млн теңге қаражат бөлінді. Конкурс негізінде жеңімпаз болған мердігер «Инфорт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен келісім шарт жасалды. Тамыз айының басында жөндеу жұмыстары басталып, халыққа қайта пайдалануға беріледі», – дейді коммуналдық кәсіпорынның мамандары.

«Біздің ауылға келіп, ешкім түсінік жұмсытарын жүргізген жоқ. Су тұщыту қондырғысы көп ұзамай жөнделеді, сабырлық танытып аз уақыт шыдаңыздар десе түсмінеміз ғой. Бірақ, бізге дәл осылай деп ешкім айтқан жоқ, ешкім келген жоқ. Судың лайлануы, иістенуі су тасқыны кезінде жырылып кеткен бөгетті уақытылы бөгемегендіктен. Шыдамның да шегі бар. Бұлай бола берсе, КТК арнасындағы «Koremiz» бағдарламасына шығып, шағымданамыз», – деп ауыл халқы ашынып отыр.

Ауылдағы су тұщыту қондырғысына 2020 – 2021 жылы облыстық бюджеттен қомақты қаржы бөлінді. Мердігер «Алюминстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Аталған қондырғы 2021 жылдың 26 шілдесінде халыққа пайдалануға берілді. Ауылдағы су тұщыту қондырғысын қайта қалыпқа келтіру осы мердігердің меншігінде болатын. Бірақ, екі тарап келісімге келмегендіктен бұл іс насырға шауып, соңы сотқа дейін жеткен. Сот үкімі бойынша мердігер кінәсіз деп танылған.

«Қазіргі уақытта Ахаң ауылындағы су тұщыту қондырғысын қайта қалыпқа келтіру үшін жұмыс істеп жатырмыз. Жарияланға конкурс нәтижесінде жеңімпаз мердігермен хабарласып, өртке оранға қондырғының орнына жаңалай әкеліп, орнатып беретіндігін айтты. Жергілікті халық өзеннен су тасып ішпесін деп уақытша суды қондырғы арқылы беріп отырмыз. Рас, сүзілмеген су. Өрт кезінде барлығы жанып кетті. Қалыпқа келтіріп, халыққа таза әрі тұщытылған суды қайта беретін боламыз», – дейді аудан әкімінің орынбасары Айдаралы Талпақов.

Байбатыр АХМЕТБЕКОВ

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Брусчатка, новые скамейки, урны: что сделано и что предстоит сделать в парке Победы в Боровском

Это лишь часть масштабных работ, которые проводятся в районе в рамках программы «Таза Қазақстан». (далее…)

2 часа назад

В Узункольском районе, в малых сёлах Павловка и Отынагаш, возведены конструкции опор связи

 Для улучшения качества связи в сельских населённых пунктах района проведены работы по возведению 24…

2 часа назад

Карабалыкский район в числе первых: за четыре дня акции «Дорога в школу» там собрали более миллиона тенге

В Костанайской области набрала обороты ежегодная республиканская акция «Дорога в школу», которая проходит с 1…

22 часа назад

Более 346 миллионов тенге выделили на ремонт паровых котлов №5 и №6 в городе Аркалыке

О том как идет подготовка к новому отопительному сезону и в частности именно в Аркалыке…

24 часа назад

В Боровском назрела необходимость привести дорожную инфраструктуру в соответствие с госстандартами

В поле зрения корреспондентов районной газеты попали около 30 дорожных знаков, которые требуют срочной замены.…

1 день назад

Жесткий разговор: за что аким области отругал своих подчиненных?

«Разбор полетов» состоялся на аппаратном совещании, где одним из вопросов стала заготовка угля и мазута…

2 дня назад

This website uses cookies.