Жанкелдин ауданы казпошта бөлімшесінде 19 жыл қызмет істеген азамат

Абыройлы жүргізуші

Елімізде Мемлекет басшысы жариялаған «Еңбек адамына құрмет» қағидаты аясында қарапайым жұмысшылардың, еңбек адамдардың өмір жолына ерекше мән берілуде. Олар – ел дамуына үнсіз үлес қосып жүрген азаматтар. Осындай еңбегімен көпке үлгі болған жандардың бірі аудандық «Қазпошта» торабының жүргізуші-инкассаторы Әбдуәли Әлмағанбетов.

Әбдуәли Ғабдіжәлелұлы 1964 жылы Торғай ауылында дүниеге келген. 1981 жылы Н.Иванов атындағы орта мектепті тәмамдаған. 1983–1985 жылдар аралығында Германияда Отан алдындағы борышын атқарған. Елге оралған жас сарбаз алғашқы еңбек жолын 1985 жылдан бастап 2003 жылға дейін Аудандық кәсіптік тұтынушылар одағы мекемесінде жүргізуші болып жұмыс атқарған. 2006 жылдан бастап Жангелдин аудандық почта байланыс торабында жүргізуші инкасатор қызметіне қабылданып , осы уақыттқа дейін абыроймен атқарып келеді.

«Әбдуәли Ғабдіжәлелұлы қызмет барысында жұмысты жауапкершілікпен атқарып келе жатқан қызметкер. Қиын жағдайда өз бетінше дұрыс шешім қабылдай біледі. Мінезі ашық, өз жұмысына берілген азамат деуге болады. Әріптестер арасында өте сыйлы құрметтке ие және жас қызметкерлерге ақылын айтып үлгі болуда. Қысы-жазы аудан бойынша барлық ауылдарға оның ішінде шалғай ауылдарға зейнетақы мен жәрдемақы және газет-жураналдарды жеткізіп беріп халықтың батасын алып жүр»-дейді аудандық «Қазпошта» АҚ торабының басшысы Жархан Сәлімжанов.

19 жылдан аса қызмет барысында абыройлы қызметімен, жұмысқа деген адалдығы үшін аудан әкімі, казпошта торабының облыстық басшысы атынан, және Казпочта АҚ басқарма төрағасынан мадақтамалар мен алғыс хаттар алып, еңбегі бағаланды. Сонымен қатар Казпошта қызметкерлері арасында өткізілетін облыстық «Алтын көгершін» байқауының жеңімпазы атанып «Ең үздік жүргізуші» атағын иемденген.

Осы уақытқа дейін алған марапаттардың барлығы сала майталманының қажырлы еңбегінің лайықты бағаланғанының дәлелі.

Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ
Сурет: кейіпкердің жеке архивінен алынды

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Квест, игры, палаточный лагерь: как прошел туристический выезд в Мендыкаринский район

В нем приняли участие семьи и молодежь Костанайской области, передает «Наш Костанай» (далее…)

11 часов назад

В Аманкарагайском лесу высадили новые сосны в рамках программы «Таза Қазақстан»

В акции приняли участие 50 государственных служащих, которые вместе с работниками лесного хозяйства внесли свой…

16 часов назад

С 11 июня на водоёмах Костанайской области разрешён улов всех видов рыб

Этому рады рыболовы Узункольского района: им есть где насладиться не только красотой и покоем водных…

2 дня назад

Заработать на каникулах и сделать село краше: как работает «Жасыл ел» в Денисовском районе

Лето - это не только время для отдыха, но и отличная возможность для молодежи сделать…

2 дня назад

Жиырмасындағы арман қырықында алынған қамал болды

Киокушинкай каратэ — қанатын кеңге жайған шығыс жекпе-жегі. Жапон тілінен тәржімасы асқақ ақиқаттың қоғамы дегенге…

2 дня назад

Ученики Антоновской начальной школы Денисовского района необычно поддержали акцию «Таза Қазақстан»

Благоустройство - не всегда только про лопаты и лейки. Иногда для того, чтобы изменить мир…

2 дня назад

This website uses cookies.