Тарихи тойға дайындық
Жанкелдин ауданы Міржақып атамыздың 140 жылдық мерей тойына қызу дайындық үстінде. Аудан тұрғындары тарихи датаны лайықты атап өту үшін бірлесе еңбек етуде. Аудан орталығында көшелер абаттандырылып, мәдени-спорттық іс шаралар ұйымдастырылуда.Аталмыш дайындық Бидайық ауылында қарқынды жүріп жатыр.
Алдымен осы уақытқа дейін жөндеуді көрмеген Саға-Бидайық, Тоқанай-Саға-Алтынсарин көтерме жолдарына облыстық бюджеттен қаражат бөлініп, орташа жөндеуден өтуде. Яғни жол беті тегістеліп, қиыршық тастар төселіп жатыр. Одан бөлек ауыл ішіндегі бес көшеге жөндеу жұмыстары жүріп, ендігі кезекте асфалть жабындысы төселмек. Аудандық бюджеттен 5 млн тенге қаралып ауыл ішіне 25 жарық шам бағандары орнатылған, 10 млн теңгеге 420 метр евроштакетниктер алынып ауыл көшелеріне орнатылды. М.Дулатұлының мұражайына күрделі жөндеу жұмыстары жасалып, экспанаттар қойылған.
«Бидайық ауылында Таза Қазақстан акциясы бойынша екі дүкен, қоғамдық монша, екі база, 150 үйдің орындары тазартылды. Жалпы аталған жұмыстарға 14 млн теңге қаражат жұмсалды. Мерей тойға келген қонақтар арнайы мұражайға келеді деп жоспарлануда, сол себепті мұражай маңынан 10 кигіз үй, Асқар күзегіне екі кигіз үй тігіледі,»-дейді Саға ауылының әкімі Қайсар Нұрғазин.
Ауылға халықтың көптен күткен интернет мобильді желісі орнатылды. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде ауылдың ажары кірген. Тұрғындарда дән риза. Ең бастысы елге көңіл бөлініп, шалғайдағы ауылдың тұрмысы бір қатар жақсарып қалды деуге болады.
Толығырақ газеттің алдағы санынан оқи аласыздар.
Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ
В г.Костанай 27 января 2026 года учащиеся второй смены обучаются в штатном режиме В Аулиекольском…
- на участке автодороги «Костанай — Аулиеколь — Сурган» км. 8-218 (уч. г. Тобыл –…
Ремонтные работы в здании, расположенном по улице Победы, 1 в селе Караменды, были начаты в августе 2025…
Аудандық Мәдениет үйінде «Жайылма» театрының спектаклі – Бексұлтан Жәкиевтің «Әке тағдыры» шығармасы сахналанды. (далее…)
23 января в Краснооктябрьской общеобразовательной школе состоялся районный семинар-практикум. ⠀ Педагоги школ рассмотрели тему «Формирование…
This website uses cookies.