Жанкелдин ауданы, Шеген ауылдық кітапханасынан тарихи тұлға құрметіне арнайы бұрыш ашылды

Тарихты тану – ұлтқа тағзым

Шеген ауылдық кітапханасынан ағартушы, Қорғанбек Бірімжановтың құрметіне бұрыш ашылды. Бұл әрине тарихи тұлғаға деген ерекше тағзым.

Әйгілі Шақшақ Жәнібектің ұрпағы Қорғанбек Бірімжанов киелі Торғай жерінен алғаш кітапхана ашқан тұлға. Ол ұлт ұстазы Ы.Алтынсарин мектебінен білім алған. Кейін өзі де мектеп ашып, қосымша оқулықтармен толықтырған. Қорғанбек Бірімжанов – Шақшақ Жәнібек тарханның немересі Мұса Дәуітбайұлының ұрпағы Шеген бидің баласы.

Қорғанбек Бірімжанов 1859 жылы дүниеге келген. Ыбырай ашқан мектепте білім алған,жастайынан орыс тілін жетік меңгерген. Кейіннен ол өзі де мектеп ашу ісіне араласып,өз қаражатына оқулықтар сатып алып отырған және де Торғай жерінде оқушылар мен мұғалімдерге арнап өз үйінің бір бөлмесінен кітапхана ашқан.  Торғай уезі басшысының кіші көмекшісі болған.

Айтулы іс – шараның ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Еренбол Алматов құттықтау сөз сөйлеп, игілікті бастаманың болашақ жастар үшін маңызы зор екендігін айтты. Ардагер ұстаз Жұпаркүл Хамзина тұлға жайлы ойын айтып, жан – жақты пікір қалыптастырды. Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебінің тарих пәні мұғалімі Жеңіс Құлтанов тарихи деректерге сүйеніп, Қорғанбек атамыздың еңбекжолына шолу жасады.

«Шеген би Торғай даласына орыстың бекініс орнатуына, әскер ұстауына қарсы болған адам. Торғай халқы Шеген биді жау шебі келгенде бетке ұстар батыры, шытырманға түсіп торықса жол көрсетер ақылшысы деп білген. Қорғанбек әкесі  Бірімжанда- кезінде Қостанай, Торғай өңіріне атағы шыққан ықпалды, беделді адамдардың бірі болған тұлғалар. Тәуелсіздіктің бағасын таразылағанда ұлы тұлғаларымыздың ерліктерінің құнын қадірлеуіміз қажет.  Жалпы тарихымызға,оның ішінде Торғай тарихына үңілгенде біз мақтан ететін тұлғалардың ұрпағы екенімізді естен шығармауымыз керек. Қорғанбектің атқарған ағартушылық қызметінің өзі Торғай тарихының бір белесі болып қалады. Осы ағартушылық қызметі арқылы халықты оятуға тырысты. Ол өз дәуірінің озық ойлы,жақсы істің жаршысы,жаңашыл ағымның жарқын көрнісі бола білген тұлға. Бұл тұлға жайлы кеңінен насихатталмаса да,ол жасаған қызмет тарих беттерінде мәңгі сақталатыны аян. Бұл сол жұмыстардың бастамасы деп білеміз», – деді педагог мамандары мен тарихшылар.

Іс – шара жалғасы ауылдық клубта өтті. Аудандық мәдениет үйінің тетар әртістері Қорғанбек жайлы сахналық қойылымды көрермендер назарына ұсынды. Артынша, әнмен әрлеп, ауыл халқын шаттықа бөледі.

Байбатыр АХМЕТБЕК

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Карасуский сельскохозяйственный колледж стал диалоговой площадкой для проведения масштабного областного мероприятия – Совета директоров профтехорганизаций Костанайской области

Руководители региональных колледжей обсудили новую модель патриотического воспитания и современные подходы к подготовке специалистов. (далее…)

5 часов назад

Из педагогов – в автомеханики: житель Боровского Азат Байманов сменил профессию и нашел в этом свое призвание

Азат Байманов, проработав 17 лет учителем физической культуры и спорта, принял решение кардинально сменить сферу…

23 часа назад

В Узункольском районе с рабочим визитом побывал аким области Кумар Аксакалов

Поездка стала логическим завершением трудового ритма уходящего года, который был насыщенным для трудовых коллективов региона,…

1 день назад

Педагог из Житикаринского района возглавила рейтинг конкурса «Читающая нация»

Учитель русского языка и литературы из Житикаринского района Ирина Афанасьева занимает первую строчку рейтинга республиканского…

1 день назад

Қамыстылық ауыл шаруашылығы маманы ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен марапатталды

Алтынсарин ауылының тұрғыны, «Алтынсарин» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас агрономы Әбіл Балмағамбетов ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы»…

2 дня назад

This website uses cookies.