Жанкелдин ауданы, Шилі ауылдық округінің тұрғыны ақ түтек боранда мал іздеп шыққан

Адасқан адам табылды

Шилі ауылдық округінің 43 жастағы тұрғыны Азамат Ибрагимов 6 қаңтар күні таңертең сағат 10:00 де атқа мініп, үйірлі жылқысын іздеп шыққан. Сол күні ауа – райы бұзылып, бұрқасын болып тұрған. Жылқы іздеген ауыл тұрғыны ымырт жабылғанша үйіне оралмаған. Ауыл азаматтары кешкі сағат 21:00 де нива автокөлігімен және трактормен іздеуге шығады. Бірақ, олар біраз жерді шарлап,адасқан адамды таба алмай ауылға келеді. Түнгі сағат 02:40 та бір джип бір уаз автокөлігіне мінген 7 адам іздестіруді қайта жалғастырады. Таң бозара сағат 06:00 да іздеушілер өздері ауылға оралған. Жоғалған адамды таппай әуре – сарсаңға түскен. 7 қаңтар күгі сағат 08:30 да іздестіру жұмыстарын қайта жалғастырған ауыл тұрғындары мен аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері өңірдегі барлық қыстақтарды шарлаған. Түскі сағат 14:30 шамасында ауыл тұрғындары Қажығали Деріпсалин мен Дастан Байкемелеов «Тәжен» қыстағынан тауып алған. Азамат Тұңғышбайұлының Қостанай қаласында тұратын туыстары аудандық полиция бөліміне қоңырау шалып, болған жәйді баяндаған.

«Қазір ауа – райы құбылып тұр. Бірде жылы бірде суық, бірде боран, бірде ашық. Бұл ауыл азаматы жоғалған малын іздеп шыққан. Артынша күн боран болып, қайтар ізін таппай қалған. Ауыл азаматтары бас бірліктерін танытып, тынымсыз іздеу жұмыстарын жалғастырумен болды. Азамат Ибрагимов ықтайтын жер таппай «Тәжен» қыстағындағы бөгетті паналап аман қалған. Ауыл тұрғындарына және аудандық төтенше жағдайлар бөлімі мен полиция өкілдеріне жоғалып табылған азаматтың туыстары алғыстарын айтты. Ауыл тұрғындарына айтарым, мал іздеуге шыққанда хабарласып, бір екі үш адам бірігіп шыққан дұрыс. Дала да қар қалын. Сары аязда автокөліктер қызбай қалып, қиындық туса, оқыс оқиғаға тап боламыз. Сондықтан ауа райын қолайсыздығында ешқайда шықпауларын өтінемін», – дейді округ әкімі Ербол Досмағанбетов.

Адасқанның айыбы жоқ деп жеке дара ең даланы кезе беруге болмайды. Қыс мезгілі. Ақ түтек боран әп сәтте соқса, із таппай ізтүссіз жоғаласыз.

Байбатыр АХМЕТБЕКОВ

Сурет: ауыл әкімінің сайтынан алынды

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Тепло их очага. В доме у четы Янцен редко бывает тихо, а друзья часто приходят без предупреждения

Акушеры-гинекологи Иван Абрамович и Татьяна Федоровна Янцен известны многим в Костанае. Попасть в их семейное…

10 часов назад

Карасуский сельскохозяйственный колледж стал диалоговой площадкой для проведения масштабного областного мероприятия – Совета директоров профтехорганизаций Костанайской области

Руководители региональных колледжей обсудили новую модель патриотического воспитания и современные подходы к подготовке специалистов. (далее…)

15 часов назад

Из педагогов – в автомеханики: житель Боровского Азат Байманов сменил профессию и нашел в этом свое призвание

Азат Байманов, проработав 17 лет учителем физической культуры и спорта, принял решение кардинально сменить сферу…

1 день назад

В Узункольском районе с рабочим визитом побывал аким области Кумар Аксакалов

Поездка стала логическим завершением трудового ритма уходящего года, который был насыщенным для трудовых коллективов региона,…

2 дня назад

Педагог из Житикаринского района возглавила рейтинг конкурса «Читающая нация»

Учитель русского языка и литературы из Житикаринского района Ирина Афанасьева занимает первую строчку рейтинга республиканского…

2 дня назад

This website uses cookies.