Жанкелдин ауданы, Шилі мен Милісай ауылына 6 жылда 27 отбасы көшіпкелген

Береке бар ауылда

Шалғайдағы Шилі мен Милісай ауылы соңғы жылдары басқа өңірлерден көп балалы отбасыларды көшіріп әкелу бағытында жүйелі жұмыстар атқарылып жатыр. Мәселен, 2019 жылы Милісай ауылына 18 отбасы көшіп келген. Оның басым бөлігі Қызылорда мен Қостанай қаласынан қоныс аударғандар. Ал, Шилі ауылдық округіне 2020 жылы 9 отбасы көшіп келіп, толық жағдайлары жасалған. Баспана және ірілі ұсақты мал беріп, бір жыл бойы қыстық отынмен және мал азығымен тегін қамтып келді. Ауыл халқының ұйымшылдығы өте жақсы. Бірлігі бекем, ынтымағы жарасқан ауылдың ырыс – несібесі мол.

Өткен жылы Милісай ауылына «Аймұхановтар» отбасы көшіп келді. Отбасында екі бала. Үлкені 4 сынып оқушысы. Кішісі 4 жаста. Шағын орталықтың ересек тобында тәрбиеленіп жатыр. Отағасы Ерден Аймұханов «Грек рим» күресінен жаттықтырушы. Сонымен қатар,С.Мәуленов атындағы жалпы білім беретін мектебінде дене шынықтыру пәнінен сабақ береді. Ауыл спортының дамуына үлес қосып жүр. Отанасы Элеонора Кенжебай мектеп алдағы даярлық тобының тәрбиешісі.

«Біздің туған жеріміз Ақтөбе қаласы. Мен бір күні әлеуметтік желі арқылы «Enbek kz» арқылы жұмыс іздеп резюме салдым. Көп ұзамай Толқын Наурызқызы хабарласып, жұмыс ұсынды. Жолдасыма да жұмыс болатынын айтты. Қатты қуанғаным сондай бірден келістім. Киелі Торғай жеріне көшіп келгенімізге өкінбеймін. Балаларымда ауылды жерді қатты жақсы көреді. Ауыл тұрғындары бауырмал. Бірден құшақ жайып қарсы алды. қолдарынан келген көмектерінде аяған жоқ. Толқан апайдың арқасында «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша көтерме жәрдемақы алдым.Үйімізге заман талабына сай құрылыс жұмысарын жүргізіп берді. Су құбыры кіріп тұр. Әжетхана, жуынатын бөлме бәрі үйдің ішінде. Атауы ауыл демесеңіз, қаладағы өмір бар. Балаларымызда тез тіл табысып, үйренісіп кетті. Ауыл тұрғындары көп көмек жасады. Қазір барлығымен етене таныс адамдай араласып жүрміз. Пейілі кең, көңілі дария ауыл тұрғындарына алғысым шексіз», – дейді Элеонора Бегалықызы.

Байырғы тұрғындары үдере көшіп, мектеп жабылуға шақ қалғанда елде қалған ағайындар қатты алаңдады. Тығырықтан шығудың жолын іздеп, «Оңтүстік өңірлерге арналған көші қон» бағдарламасы бойынша қарекет жасап, мәселенің мәнісін тапты. 6 жылдың ішінде 27 көп балалы отбасы көшіп келіп, қоныстанды. Тұрмыстық жағдайлары ешкімнен кем емес.

Байбатыр АХМЕТБЕК

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Квест, игры, палаточный лагерь: как прошел туристический выезд в Мендыкаринский район

В нем приняли участие семьи и молодежь Костанайской области, передает «Наш Костанай» (далее…)

8 часов назад

В Аманкарагайском лесу высадили новые сосны в рамках программы «Таза Қазақстан»

В акции приняли участие 50 государственных служащих, которые вместе с работниками лесного хозяйства внесли свой…

13 часов назад

С 11 июня на водоёмах Костанайской области разрешён улов всех видов рыб

Этому рады рыболовы Узункольского района: им есть где насладиться не только красотой и покоем водных…

1 день назад

Заработать на каникулах и сделать село краше: как работает «Жасыл ел» в Денисовском районе

Лето - это не только время для отдыха, но и отличная возможность для молодежи сделать…

2 дня назад

Жиырмасындағы арман қырықында алынған қамал болды

Киокушинкай каратэ — қанатын кеңге жайған шығыс жекпе-жегі. Жапон тілінен тәржімасы асқақ ақиқаттың қоғамы дегенге…

2 дня назад

Ученики Антоновской начальной школы Денисовского района необычно поддержали акцию «Таза Қазақстан»

Благоустройство - не всегда только про лопаты и лейки. Иногда для того, чтобы изменить мир…

2 дня назад

This website uses cookies.