Көп балалы отбасының қуанышы
Бүгін “Аналар күні” мерекесі. Барлық әлеуметтік желілерде аяулы жандарды мерекемен құттықтап, өздерінің жүрек жарды тілектерін жеткізуде. Анаға деген шексіз құрмет толастамайды. Дәл осы мереке күні Сужарған ауылының тұрғыны, көп балалы ана Эльмира Байқадамова “Алтын алқы” белгісімен наградталды. 10 баланың анасы атанған аяулы жан жас отбасыларға үлгі болып отыр. 50 жасты алқымдаған ана қызарын қияға қондырып, олардан немере сүйіп, әже бақытына бөленді. Жолдасы Асқар Қанғожин ауыл мектебінің шаруашылық саласында жұмыс істейді. Алтын құрсақты анаға “Алтын алқа” белгісін ауыл әкімі Берік Әубәкіров салтанатты түрде табыстады.
“Мен өзімде көп балалы отбасының мүшесімін. Әкем мен анамның ізін жалғап, ана бақытына ие болдым. Құдайға шүкір, бақытты отбасының қатарындамыз. Жергілікті билік өкілдері үнемі қолдау көрсетіп отырады. Жолдасымды және мені жұмысқа орналастырды. Қыздарымның алды тұрмыс құрып, бір шаңырақ, бір әулеттің ибалы келіні болды. Ұлдарымның үлкені Отан алдындағы борышын аман есен өтеп келді. Қазір қалада жұмыс істеп жүр. Ауылдағы барлық жас келіншектерге айтарым, Қазақстанның демографиялық дамуына үлес қосып, парасатты перзент сүйіп, ел сыйлайтын отбасы болуларына тілекшімін”,-дейді көп балалы ана Эльмира Әубәкірқызы.
Қуаныш көпшілікпен бөліскен ана аудан, ауыл әкімшілігінің ұжымына алғыс жеткізді.
Байбатыр АХМЕТБЕКОВ
Учительница русского языка и литературы из Рудного Татьяна Кузнецова занимает третью строчку в категории «Читающий…
Об этом аким Сарыкольского района Марат Шымырбеков рассказал и поблагодарил бизнесменов во время аппаратного совещания…
На территории бывшего пионерского лагеря планируют создать современный круглогодичный центр отдыха для детей и семейного…
В Узункольском районе проблем с природными источниками не было - озёр много и, как говорят…
В Астане наградили победителей Национального конкурса «Мерейлі отбасы-2026». (далее…)
В районной больнице появились современные аппараты, которые помогают пациентам восстанавливать подвижность рук и ног после…
This website uses cookies.