Ат үстіндегі тартыс
Тәуіш ауылында мектеп оқушылары арасында тұңғыш рет «Жаппай көкпар» ұлттық ойыны ұйымдастырылды. Аталған шараға ауыл азаматы Думан Қайбарұлы мұрындық болды.
«Ауыл жастары ақылдаса келіп, мектеп оқушылары арасында көкпар ойынын ұйымдастыруды жөн көрдік. Ұлттық ойынымызды жас ұрпаққа дәріптеу біз үшін үлкен міндет. Сондай-ақ, қазір балалар ұялы телефонға тәуелді болып барады. Бұрынғыдай шанаға бұзау жегіп су тасып жүрген бала көрмейміз. Хоккей ойнап, көк мұздың үмтінде де жүрмейді. Сабақтан келісімен бірден телефондарын қолдарына алып, пеш түбінде жатады. Балаларды осы бастан еңбекке баулу керек. Қазақтың ұлттық ойындарын саналарына сіңіру керек. Осы мақсатта арнайы көкпар ойынын ұйымдастырдық. Осы үрдісті алдағы уақытта үзіліссіз жалғастыратын боламыз», – дейді йымдастырушылар алқасы.
«Жаппай көкпар» барысында ерекше көзге түскен ойыншылар арнайы номинациялармен мараптталды. Мәселен, «Үздік салым» номинациясын Алтынбек Русланұлы иеленді. Нұрдәулет Қабдыраш, Тұрсынбек Уәли, Жантөре Мүсір көкпар ойынына деген ынта – жігерлерінің арқасында жүлделі орындарды иемденді.
Барлық марапат иелері ақшалай сыйлықтарға қол жеткізді. Көкпар ойынына ауыл жастары демеушілік жасады.
Байбатыр АХМЕТБЕКОВ
Акушеры-гинекологи Иван Абрамович и Татьяна Федоровна Янцен известны многим в Костанае. Попасть в их семейное…
Руководители региональных колледжей обсудили новую модель патриотического воспитания и современные подходы к подготовке специалистов. (далее…)
Азат Байманов, проработав 17 лет учителем физической культуры и спорта, принял решение кардинально сменить сферу…
Их предоставят очередникам. (далее…)
Поездка стала логическим завершением трудового ритма уходящего года, который был насыщенным для трудовых коллективов региона,…
Учитель русского языка и литературы из Житикаринского района Ирина Афанасьева занимает первую строчку рейтинга республиканского…
This website uses cookies.