Облыс намысын қорғады
Көкшетау облысының Щучинск қаласында әр бағыт бойынша республикалық «Ақберен» өнер байқауы өтті.
Өнер додасына біздің ауданнан 4 оқушы қатысып, бақтарын сынады. Жыр бәйгесінің «Айтыс» бағытына суырып салмалық өнерін сыңға салған Таңжарық Ниязбек бір күнде үш ақынмен айтысып, бойындағы ақындық өнерін көрсете білді. Қазылар алқасының ұйғарымымен 20 жас ақынның ішінен Таңжарық жүлделі 2 орынды иеленді.
Жас ақын Ш.Уәлиханов атындағы Торғай жалпы білім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы. Ол 5 сыныптан бастап, айтыс өнеріне бет бұрды. Облыстық, аудандық оқушылар айтысында бірнеше жүлдегер атанды. Биыл Алматы қаласында өткен «Жыр алыбы – Жамбыл» атты республикалық оқушылар айтысына қатысып, «Оспанхан Әубәкіров» атындағы арнайы жүлдені иемденді. Өткен жылы облыстық «Жас тұлпар» оқушылар айтысында бас жүлдені жеңіп алды. Сонымен қатар, алдағы жылы өтетін республикалық «Қола домбыра» оқушылар айтысына үміткер ретінде тіркелді.
Болашағынан зор үміт күтіретін жас ақынның шығармашылығына табыс тілейміз. Халық ақыны Нұрхан атасының рухы қолдап, айтыстың ақтаңгері, «Алтын домбыра» иегері Айбек Қалиевтің жолын берсін.
Байбатыр АХМЕТБЕК
Суретті түсірген: Ержан Бақытжан
Его вместимость будет более пяти тысяч тонн продукции, оснащено системой поддержания микроклимата и вентиляции. (далее…)
Об этом во время рабочей поездки акима области Кумара Аксакалова с заездом на ТОО «Костанайский…
Обладательницей высокой награды стала Альмира Жансугурова. (далее…)
Көрісу күні – татулық пен дәстүр мерекесі. (далее…)
В Денисовском районе всё чаще звучат инициативы, идущие от самой молодёжи. (далее…)
Форумда жаңа Конституция жобасы және өңірлердің дамуына қатысты өзекті мәселелер қаралды. (далее…)
This website uses cookies.