Жанкелдин ауданыда жаңа оқу жылы қарсаңында ауылдағы мектептер жас мамандармен толығып жатыр

Білікті ұстаз білімді ұрпақ тәрбиелейді

Аудан орталығындағы, ауылдық жерлердегі мектептерге қажетті мамандар орналасты. Дегенмен, Ғ.Қайырбеков, Шұбалаң, А.Байтұрсынов, Аманкелді, А.Нұрманов мектептеріне ағылшын, орыс тілі мен әдебиеті, биология, педагог-психолог, физика, математика, химия сияқты негізгі пәндерге мамандар әліде жеткіліксіз. Жас мамандардың басым бөлігі дене шынықтыру, бастауыш, тәрбиеші мамандары екен. Ал, аталған мамандықтар бойынша ауданда жұмыс орны толық. Мәселен, Ғ.Қайырбеков жалпы білім беретін мектебі математика маманымен толыққанымен шет тілі маманы тапшы. А.Байтұрсынұлы ауылына химия, музыка пәндерінен жас мамандар жіберілді. Десекте, аталмыш ауылда математика пәнінен мұғалім жоқ. Жоғарғы оқу орнын бітірген мамандардың көп бөлігі ауданнан шалғай орналасқан ауылдарға жұмысқа барғысы келмейді. Елге келіп қызмет жасап, алғашқы жұмысын ауылдан бастап тәжірбие жинаймын деген мамандарда бар. Шалғайда орналасқан А.Байтұрсынов атындағы жалпы білім беретін мектебіне келген Малика Сейткерей мен Гүлназ Тұрай жаңа қызметін ауылдық жерден бастауды жөн деп санайды.

«Жоғарғы оқу орнын тәмамдап жаңа қызметті ауылдық жерден бастауды жөн деп санадық. Елге келіп қызмет көрсету үлкен мәртебе. Туған жеріңде қажетті мамандықтар бойынша мамандар жетпей жатқанын көре тұра, елден кетіп қала алмадық. Шалғайда орналасқан ауыл болса да, Ахмет атамыздың ауылына келіп жұмыс жасап жатырмыз. Ұжымда жылы қабылдап, ортаға тез үйренісіп кеттік. Алдағы уақытта оқушыларға сапалы білім беріп, саналы ұрпақ тәбиелеу жолында аянбай қызмет ететін боламыз»,-дейді жас мамандар.

Малика Мейрамбекқызы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінде биология-химия пәні бойынша мұғалім мамандығын бітірген. Төртінші курстың оқу практикасын елге келіп аталмыш ауылда өтіп, сол жерге жұмысқа қабылданған. Оқумен жұмысты қатар алып жүрген жас маман қолына дипломын ала сала еш ойланбастан қызметін жалғастыру үшін елге оралған.

Гүлназ Бақытқызы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінде музыка мұғалімдерін даярлау мамандығы бойынша тәмамдаған. Университет қабырғасында грант иегері болып төрт жыл үздіктер қатарында болған. Оқуын аяқтап, алғашқы жұмысын тәжірбие жинақтау үшін ауылдан бастады. Қажетті, сұранысқа ие мамандықтарға басымдық берсе, оқуды аяқтап жұмысқа да тез орналасуға мүмкіндік болады.

Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Буллинг начинается с молчания: в Карасу говорили – почему взрослым важно вовремя заметить проблему

В рамках проекта «Профилактика буллинга среди обучающихся школ» состоялись две встречи: в Карасуской центральной библиотеке…

10 минут назад

В отделе пробации Узункольского района прошла встреча с лицами, состоящими на пробационном контроле

Во время встречи каждому обратившемуся подробно объяснили, с чего начать и куда обращаться в случае…

13 часов назад

Торғайға келген жас маман

Бала күні кеше ғана үлкен өмірге қадам басып, ақ халат киюді армандаған жас жеткіншектер бүгінде…

16 часов назад

Ұзынкөлде өткен Форумда белсендіжастар анықталды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев құқық қорғау органдарының басшыларымен өткен кеңесте «Заң және Тәртіп» қағидатын…

17 часов назад

Қамыстыда ауыл тұрғыны жылқы басын көбейтпек

Алтынсарин ауылының тұрғыны Дәурен Ержанов «Ауыл аманаты» бағдарламасының мүмкіндігін пайдаланып, жылқы шаруашылығын қолға алды. (далее…)

17 часов назад

«Я что, тупой?»: почему люди становятся жертвами интернет-мошенников?

Волонтеры ОФ «Жанашыр бол» совместно с полицейскими Костанайского района 22 сентября встретились с населением Московсковского…

17 часов назад

This website uses cookies.