Жанкелдин ауданына көлік министрлігінің автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары келді

Артық қыламын деп тыртық қыла жаздады


«Жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайды». Әлеуметтік желіде желдей есіп жүрген сөздер, Торғай халқының ашу ызасын келтірді. Себебі, «Транскаспий халықаралық көлік бағытымен байланыстыратын автожол Астана – Арқалық – Торғай – Ырғыз арқылы өтуге тиіс болатын. Бірақ, балама ретінде үлкен жол Ұлытауға бағыты бойынша салынады» деген сөз бекер айтылмаса керек – ті. Осы мәселе халық арасында егжей – тегжей талқыға түсті. Жан – жақты пікірлер айтылды. Орынды ұсыныстарда ой толықтырды. Әлеуметтік желі арқылы ашық айқасқа дайындалған халықпен кездесу үшін арнайы Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Жамбыл Бақтияр келді.
Н.Ахметбеков атындағы мәдениет үйінде жергілікті халықпен кездесті. Бұл жиынға «ауылы аралас, қойы қоралас» көршілес Арқалық қаласынан және Амангелді мен Ырғыз ауданынан қарапайым халықты қолдау үшін делегаттар келді. Торғай халқының мысы басса керек, төрағасы орынбасары «Орталық – Батыс жолын ешқандай бағытқа бұрмаймыз» деп әңгіме төркінін алыстан орағытты. Торғай жұртышылығы «баладай аңқау» емес. Ұлытауда өткен жиынды тілге тие етіп, сұрақтарын зеңбіректің оғындай боратты. Есеңкіреп есінен сәл адасуға шақ қалған төраға орынбасары әбіржіп, айтар сөзден жаңылып, әбден састы.
«Әлеуметтік желіде талқыланып жатқан алып қашпа әңгімелер шындыққа жанаспайды. Біз Орталық – Батыс жолының бағытын еш жаққа бұрмаймыз. Сметалық құжаттың үш нұсқасын дайындадық. Тиімді жағын қарау үшін арнайы комиссия құрылып, іске кірісіп жатырмыз. Сондықтан алаңдауға еш негіз жоқ», – деді төраға орынбасары Жамбыл Бақтияр.
Басы дауға қалған төраға орынбасары халықтың ығырына қарай жығылып, су сепкендей басылды. Халықтың тағдырымен ойнаған адам көпке бармайтынын түсінгендей болды. Десекте, Орталық – Батыс жолының құрылысы қашан басталатынына нүке қойылған жоқ. Қазығы қағылған қара жол киелі өңірдің үміт сәулесіндей. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы ерікеннің ермегіне айнламаса жарар еді…
Толығырақ газеттің алдағы санынан оқи аласыздар

Байбатыр АХМЕТБЕК

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Квест, игры, палаточный лагерь: как прошел туристический выезд в Мендыкаринский район

В нем приняли участие семьи и молодежь Костанайской области, передает «Наш Костанай» (далее…)

18 часов назад

В Аманкарагайском лесу высадили новые сосны в рамках программы «Таза Қазақстан»

В акции приняли участие 50 государственных служащих, которые вместе с работниками лесного хозяйства внесли свой…

23 часа назад

С 11 июня на водоёмах Костанайской области разрешён улов всех видов рыб

Этому рады рыболовы Узункольского района: им есть где насладиться не только красотой и покоем водных…

2 дня назад

Заработать на каникулах и сделать село краше: как работает «Жасыл ел» в Денисовском районе

Лето - это не только время для отдыха, но и отличная возможность для молодежи сделать…

2 дня назад

Жиырмасындағы арман қырықында алынған қамал болды

Киокушинкай каратэ — қанатын кеңге жайған шығыс жекпе-жегі. Жапон тілінен тәржімасы асқақ ақиқаттың қоғамы дегенге…

3 дня назад

Ученики Антоновской начальной школы Денисовского района необычно поддержали акцию «Таза Қазақстан»

Благоустройство - не всегда только про лопаты и лейки. Иногда для того, чтобы изменить мир…

3 дня назад

This website uses cookies.