Халық үніне құлақ асу басты мақсат
Жанкелдин ауданына Қазақстан Респуликасы Парламенті Мәжілісінің депутаты «AMANAT» партиясының өкілі Жұлдыз Сүлейменова арнайы келді. Арқалық қаласы мен Амангелді ауданына жоспарланған жұмыс сапарынан тыс Жангелдин ауданына атбасын арнайы бұрды.Елге келудегі басты мақсат халықпен кездесіп, ойларын пікірлерін тыңдау. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында аталған елді мекендердің арнайы нысандарын аралап, халқымен кездесті. Киелі өңірге ат басын бұра келген халық қалаулысы алдымен А.Байтұрсынов пен М.Дулатов, Ш.Жәнібек, Ы.Алтынсариннің мұражайларын аралады. Кейін, аудандық аурухананың ұжымымымен, аудан орталғындағы Ш.Уәлиханов мектебінің жай күйімен танысып, мектеп ұжымымен кездесті. Кездесу барысында елге келгендегі мақсатын айта отырып, мектеп ұжымымен кездесуде кіші техникалық қызметшілердің сұрақтарына, ал аудандық ауруханада ауылдық жерге лайықталған модулді медициналық пункт туралы сауалдарын назарға алды.
«Мемлекет басшысы Арқалық қаласының дамуына үлкен мән беруде. Бұл жайлы ол өзінің Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде нақты тапсырмалармен айқындаған болатын. Арқалықтағы экономикалық әлеуметтік нысандардың, инфрақұрылымдық нысандардың күрделі жөндеуіне сонымен қатар жаңа ғимараттардың, жаңа нысандардың ашылуына тапсырмалар берген болатын. Арқалық қаласындағы педагогикалық институтына былтырғы жылы магистратура ашылуы, университет болып өзгеруінің барлық жұмыстарында депутаттық корпуста болып шешімін табуына жұмыс жасадық. Біз қашанда елдік мәселелерге көңіл бөлеміз. «Халық үніне құлақ асатын» мемлекет тұжырымдамасын негізге ала отырып, іс-сапар барысында халық тарапынан айтылған ұсыныс пікірлердің орындалуына барынша күшімізді саламыз. Ұлы тұлғалар туған мекеннің әсері де бөлек екен. Торғай өңіріне арнайы ат басын бұрып келіп, халқымен жүздескеніме қуаныштымын,»-деді мәжіліс депутаты Жұлдыз Досбергенқызы.
Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ
Толығырақ газетіміздің алдағы санынан оқи аласыздар
Н.Дәулетова атындағы аудандық кітапханада Наурыз мейрамына орай «Көже party» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. (далее…)
Ұрпаққа өнеге болған Қабден Ерәділовтің еңбекке толы өмірі. (далее…)
В столице нашей республики Астане состоялось торжественное мероприятие, приуроченное Международному женскому дню, на котором чествовали женщин, внесших достойный…
Этот обряд песнопения, который проводится во время священного месяца Рамадан, творческие коллективы районного Дома культуры…
Восьмиклассница Амели Ермагамбетова уверенно обошла более взрослых и опытных спортсменок, участвующих в чемпионате. (далее…)
Президент Касым-Жомарт Токаев ознакомился с результатами экзит-полла, проведенного в ходе республиканского референдума, сообщается в Telegram-канале Акорды.…
This website uses cookies.