Сыңға қалып, сағымыз сынбасын
Алаш қайраткерінің тарихи тойы кемшіліксіз өту ауданға байлансты.
Қостанай облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов жұмыс сапарымен ауданға келді. Ол Алаш қайраткері, ұлт ұстазы Міржақып Дулатұлының 140 жылдық мерейтойына арналған іс-шараларға дайындық барысын қадағалады.
Алдымен аудан орталығында атқарылып жатқан абаттандыру және жөндеу жұмыстарын аралап көріп, мерейтой аясында өткізілетін мәдени-бұқаралық іс-шаралардың жоспарын талқылап, пысықтады. Іс-шаралар барысында мәдениет нысандарының дайындығы мен техникалық қамтамасыз етілуіне де ерекше көңіл бөлінді.
Өз кезегінде облыс әкімінің орынбасары Бидайық ауылындағы Міржақып Дулатұлы атындағы мұражайға арнайы барып, экспозициялық жұмыстары мен ондағы ғылыми-танымдық материалдардың мазмұнымен зейін қойды. Мұражай қызметкерлерімен кездесіп, мерейтой қарсаңында атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді. Сонымен қатар, мұражайдың материалдық-техникалық базасын жақсарту бойынша ұсыныстар қарастырылды.
«Міржақып Дулатұлы – ұлтымыздың ұлы тұлғаларының бірі. Оның мұрасы – ел тарихының алтын қазынасы. Осы мерейтой арқылы жас ұрпаққа рухани тәрбие беріп, тарихты тереңінен танытуымыз керек», — деді облыс әкімінің орынбасары.
Сондай – ақ, жауапты мекеме басшыларына нақты тапсырмалар жүктеп, мерейтойдың жоғары деңгейде ұйымдастырылуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ
Историями поделились зрители YouTube-канала «Другие места». (далее…)
Елдің ықыласына бөленген игі істер – қоғамдағы адамгершілік пен жанашырлықтың жарқын көрінісі. (далее…)
Подозреваемого уже задержали, об этом сообщает "Тоболинфо" (далее…)
Как лучше понимать своего ребенка, поддерживать его в период взросления и выстраивать отношения, основанные на…
Обеспечение надежной охраны государственной границы и укрепление пограничной безопасности всегда остаются в числе ключевых приоритетов…
В Камыстинском районе подвели итоги конкурса видеороликов и короткометражных фильмов на тему «Таза Қазақстан». Всего…
This website uses cookies.