Жанкелдин ауданына облыс әкімінің орынбасары мен білім басқармасынан өкіл келді

 Барлығымыз үшін балалардың өмірі маңызды

Өткен аптада Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ринат Мұқаметқали мен облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Данагүл Сүйіндікова ауданымызға арнайы жұмыс бабымен келді. Олар мектеп директорлары мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларымен кездесіп, «Қостанай облысының оңтүстік өңірлеріндегі әдістемелік күндері» тақырыбында ауқымда іс – шара өткізді.

«Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы мәселелерді жан – жақты талқыладық. Амангелді және Жангелді аудандарында психологиялық қызметтерінің жұмысы нормативтік құжаттарға сәйкес жүйелі түрде жүргізіліп жатыр. Кездесуде білім алушылардың психологиялық әл-ауқатын қамтамасыз ету, стресске төзімділік пен өміршеңдікті қалыптастыру бойынша жүйелі жұмыстардың қажеттілігін күшейту жөнінде айттым. Жанама суицид қаупінің алдын алу жөніндегі жұмыстың негізгі бағыттарының маңыздылығы кәмелетке толмағандарды мазасыз күйде анықтау және олармен одан әрі жеке жұмыс керектігін ескерттім», – дейді облыстық білім басқармасының өкілі.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша бірқатар мәселелер қаралды. Яғни балалардың интернеттегі қауіпсіздігінің маңызды мәселелері, мектептерде ата-ана бақылауын және тәрбие жұмысын күшейту. Әдістемелік күндер аясында біздің мамандар жалпы білім беретін мектептердің психологиялық қызметтерімен кездесіп, жұмыс құжаттамасымен танысып, жұмыс бойынша ұсыныстар берді.

Байбатыр АХМЕТБЕКОВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31