Тұлғалар рухына тағзым
Биыл алаш зиялысы, ақын, прозашы, аудармашы, драматург, публицист, журналист, педагог, ағартушы, тарихшы, ғалым, қоғам қайраткері Міржақып Дулатұлының туғанына 140 жыл.
Осыған орай аудан көлемінде жоспарға сәйкес, көптеген мәдени көпшілік іс – шаралар жоспары құрылды. Сонымен қатар, қыркүйек айында Міржақып атамыздың мерейтойы республикалық көлемінде тойланады. Оған дейін аудандық шаралар жалғаса береді. Соның бір дәлелі ретінде аудандық орталықтандырылған кітапханада «Міржақып – азаттық жолындағы күрескер» атты апталық іс – шараның ашылу салтанаты өтті.
Тағылымды кешке кітапхана оқырмандары қатысып, Міржақып атамыздың құрметіне арналған кітап көрмесін тамашалады. Сонымен қатар, алаштың ардақты тұлғасының шығармалары кеңінен насихатталды. Кітапхана оқырмандары «Міржақыптың математикалық мектебі» тақырыбындағы шараға белсене араласып, ойларын ортаға салды.
«Біз жыл басынан бері жоспар құрып, іс – шараның мағыналы әрі мазмұнды өтуіне мән беріп келеміз. Міржақып Дулатұлының құрметіне арналаған тағылымды кештер легі бастау алды. сондай – ақ, ауыл, ауыдық округтердегі кітапханашыларға да бірқатар тапсырмалар берілді. Оларды өз деңгейінде ауқымды кештер ұйымдастырып жатыр. Бүгінгі кеш көптеген шараның бастауы. Алда «Міржақып оқулары», «Жыр мүшайра» өткіземіз.
Жыл соңына дейін жалғасын табады», – дейді кітапхана директоры Әсем Досмағанбетова.
Тағылымды кешке қатысқан кітапхана оқырмандары арнайы мадақтамаларымен марапатталды.
Байбатыр АХМЕТБЕКОВ
Наурыз мерекесі аясындағы Жаңару күніне орай Науырзым ауданындағы Жамбыл жалпы білім беретін мектебінде ерекше мазмұнды…
В Жаңару күні – шестой день общенациональной декады Наурызнама школьники Амангельдинской ОШ провели встречу единомышленников…
Первые взрывы выполнены на реке Карасу в районе села Карасу. (далее…)
Мероприятие прошло в рамках Наурызнама и стало настоящим праздником красоты, традиций и женственности, объединив талантливых…
Завершены плановые взрывные работы на реке Тобол в районе села Алчановка. (далее…)
ДК важно сохранить, ведь они способны вдохнуть жизнь в населенные пункты. Об этом пишет "ТоболИНфо"…
This website uses cookies.