Жанкелдин ауданында аудандық ішкі саясат бөлімінің тапсырмасымен төрт күндік ауқымды іс – шара басталды

Аудан жастарына серпін беретін жоба

Күні кеше «Жүрегімнің дүрсілі Торғай» жобасы басталды. Жобаның мақсаты, Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру. Соның ішінде «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасының өңірде жүзеге асырылуы Жангелдин ауданының жастары бойында азаматтық жауапкершілік пен патриоттық, туған елге деген жанашырлық сезімін қалыптастыру. Аталған жобаның үйлестірушісі «Жайдарлы Жастар» қоғамдық қоры. Еліміздің дамуындағы маңызды рөл атқаратын жандар туралы ортақ шараның алғашқы күні «ҚОҒАМДЫҚ ТЫҢДАЛЫМ» арқылы жоба шымылдығы ашылды. Жастардың бойына патриоттық сезімді және отансүйгіштік, отбасы құндылықтарын қалыптастыру тұрғысында әңгіме өрбіді.

Жеке кәсіпкер, қоғамдық бірлестіктің төрағасы Амангелді Ахметжанов, мобилограф, контентмейкер Бақытжан Әлкебаев, «Жайдарлы жастар» қоғамдық қорының директоры, жастар жанашыры Марғұлан Бәкір тәжірибелерімен бөлісіп, ойларын ортаға салды.кездесу барысында «Патриотизм бүгінгі жастарға қажет пе?», «Торғайдың болашағы біздің қолымызда», «Жастар және Заман» тақырыптары жайлы кеңінен айтылып, жастардың пікірлері тыңдалды. Ауқымы кең іс – шара дәл бүгін «Мемлекеттік қызметші болу үлкен мәртебе» тақырыбында дөңгелек үстелмен жалғасуда. Түстен кейін «Жазғы кубок» жайдарман қайырымдылық акциясы аясында командалар бақ сынайтын болады.

Байбатыр АХМЕТБЕКОВ

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Қайырымды кәсіпкер Қамысты жұртына мерекелік тарту жасады

Елдің ықыласына бөленген игі істер – қоғамдағы адамгершілік пен жанашырлықтың жарқын көрінісі. (далее…)

2 дня назад

5-летний мальчик погиб в Костанайской области

Подозреваемого уже задержали, об этом сообщает "Тоболинфо" (далее…)

2 дня назад

«Школа осознанного материнства» В Аулиекольской школе имени Сьянова состоялась встреча с родителями

Как лучше понимать своего ребенка, поддерживать его в период взросления и выстраивать отношения, основанные на…

2 дня назад

Уроженец Свердловки больше двадцати лет охраняет государственную границу на родной земле

Обеспечение надежной охраны государственной границы и укрепление пограничной безопасности всегда остаются в числе ключевых приоритетов…

2 дня назад

В Камыстинском районе определили победителей конкурса видеороликов «Таза Қазақстан»

В Камыстинском районе подвели итоги конкурса видеороликов и короткометражных фильмов на тему «Таза Қазақстан». Всего…

2 дня назад

This website uses cookies.